VI Ұйымның басқармасы 1. Ұйымның басқармасы Алаш қаласында болады.
2. Басқарма қызметін атқаратын кісілерді жалпы жиылыс сайлайды. Басқарма
қызметкерлері үш кісі: басшы, жазушы, қазынашы. Оларға екі орынбасар болмақ.
3. Басқарма мүшелері жылында қайта сайланып қойылады.
4. Басқарманың жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі.
5. Ұйымның арнаулы мөрі болып, басшының қолында сақталады.
Квитанция кітапшалары мөр басылып, бастықтың қолы қойылған болмақ.
6. Ұйымның басқарушы мүшелері ең кемі айында екі рет жиналып істеп отырмақ.
7. Басқарма жылдың ақырында жалпы жиылысқа істеген жұмыстарынан есеп бермек.
8. Жалпы есеп беру жылында бір-ақ қабат болмақ.