27
Қазақ облыстары қазірден 15 мың милиция құрмақ болды. Мұның шығыны 70 миллион
сом шамасында болмақ. Милиция құруға, оған керекті пулды жинауға тоқтаусыз кірісуге
қаулы қылынды. Жұрттың жұрттығы, қара қазан, сары баланың қамы үшін милиция
құрып, бас қорғау керектігіне қарсы келген жан болмады.
Автономия мәселесі қаралғанда бүкіл алаш баласы «өлсек бір шұңқырда, тірі болсақ бір
төбеде болалық, бөлінбелік, жарылмалық» деп сиез бірауыздан қаулы қылды. Сөйтіп,
Алашорда құрылды, алаш туы көтерілді, алаш ураны шақырылды. Ұранға, намысқа
қызбайтын алаш баласы болмас, Түркістан қазағы да, иншалла, алтын бесік ақ ордаға
келіп кірер деген үміттеміз.
Автономия иғлан ету мемлекет болды дегенмен бірдей. Біз енді оз алдымызға мемлекет
боламыз деп турмыз. Бірақ боламыз бен болудың екі арасы жер мен көктей. Сондықтан
боламыз деген соң болуға аянбай қам қылу керек. Боламыз деп бола алмай қалсақ,
дүниеде онан артық қорлық жоқ, кез келгеннің қолында кеткеніміз. Қолдан келмейтін іске
арамтер болудың қажеті жоқ. Қолымыздан келеді деп тәуекелге бел байлаған соң, сол
жолда я өлу керек я көздеген мақсатқа жету керек.
Егер біз осыны ойлап, бүгіннен бастап кәріміз, жасымыз, молламыз, қарамыз, байымыз,
жарлымыз алаш туының астына жиналсақ, иншалла, дегенімізге жетерміз, жұрт қатарына
қосылармыз. Жоқ, әрқайсымыз өз басымыз қамын ойлап, бетімізбен жайылып кетсек,
Алашорда ойран болғаны, алаш туы құлағаны. Онан соң бізге жұрттық жоқ, азып-тозып
кеткеніміз.
Жасасын алаш! Құтты бол сын алаш автономиясы!
Достарыңызбен бөлісу: