2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет65/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ОПАТ 
Павлодар  үйезі  Қарамола  елінің  ақсақалы  Оразалы  опат  болып,  мың  жарым  сом  садақа 
таратылыпты.  Бұдан  Баянауылдағы  мешіт  пайдасына  50  сом  шығарылып,  тілмаш 
Ғұбайдолла қолына тапсыруға беріліпті. 
 
БАЯҒЫНЫҢ ДӘЛ ӨЗІ 
Өткен 17 жылдың ноябрьнде Қарқаралы үйезі Дегелең еліне марттан бері жоғалып кеткен 
үшінші стан приставы Попов келіп, аралап қайтыпты. Қайдан келе жатқанын сұрағандарға 
Ақбота  елінен  келемін  депті.  Қасына  ерткен  үш  қызыл  бөрігі  (шабарман)  бар  дейді. 
Жұмысын сұрағандарға ақша жимаққа шығып едім депті. Сол екі елдікі ме, жоқ бір елдікі 
ме,  білмеймін,  сойыстан  түскен  41  қой  терісін  Дегелең  елінікі  Уәлихан  Ахмет  баласына 
сатыпты. Попов тізем тонды деп Қырықбай дегеннің тері шапанын еріксіз киіп алған екен, 
ертеңіне әлгі тері алған бала сұрап, қайта алып беріпті. 
Орысша мағлұматы бар пысық бала еді. 
Одан  келе  жатып  Тортанның  Хасені  дегеннің  түлкі  тымағын  қолымен  алып  киіпті. 
Құлағым  тоңды  деп  Попов  батыр  тымақты,  шалбарды  алып  жүргенде  председатель 
қасында  дейді.  «Мұны  неге  аласың?»  демегені  приставтың  жоғалған  киімі  шығар  деп 
ойладық  дейді.  Осыны  білгіміз  келеді.  Қарқаралы  комитеті  өзі  жіберді  ме  екен,  жоқ 
халықтың  өзі  сұрап  алғызды  ма  екен,  көлденең  кісіге  мына  жаңа  заманда  бұрынғы  аты 
шулы Поповтың тағы елге шығып, қанап жүргені көңілсіз көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет