МЕДІРЕСЕ АШЫЛУ Октябрь басында Баянауыл қаласында болған моллалар мен комитеттер жиылысының
қаулысы бойынша болыс сайын бір медіреседен ашылмақшы еді. Ақкелін елінде ноябрь
басында медіресе ашылды, аты «Сұлтания» қойылды. Жылдың ауырлығына қарамай, 140-
тап бала жиналып оқып жатыр. Әзірге оқытушы бір мұғалім, бір медіресе. Жұрт келесі
жылы мұғалімді көбейтеміз деседі.
Медіресеге жиылған ірі шәкірттер «Құт» атты ұйым ашты. Мақсаттары бір болыс елдің
зекет, пітір, федия сияқты уәжіп садақалардан жиыстырып, біріктіріп бір жерден ғылым
жолына ұстау. Ел ағалары бұл ұйымды күшейтер деп үміт етеміз.