2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет70/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Тілші 
Басқарма:  қазақтың  қамын  ойламаған  қаны  бұзық  біреу  болмаса,  кім  қойған  комиссар 
болса да алты Алаштың баласы көзін тігіп, құлағын салған «Қазақ» газетінің жолын бұз 
дегені  -  болмайтын  іс.  Николайдың  иттері  де  талай  қаппақ  болғанда  Алаш  болып 
демеген.  Қазақ  халқының  ар-иманындай  болған  «Қазақтың»  үнін  шығартпай  ешкім 
қоймас.  Кімге  болса  да  бас  кеспек  бар,  тіл  кеспек  жоқ  екенін  білдіріп,  ұлт  жұмысына 
қанды қолыңды сұқпа, тарт дейміз. 
 
ЗАЙСАННАН 
Декабрьдің  31-інде  болған  талау,  өрттен  соң  бұзақылық  үдеп  барады.  Казактар  түрлі 
сылтаумен  келеді  де  соғым,  үйдегі  бұйым,  қалтадағы  ақшаны  талауға  кірісті.  Қаланың 
орта жері түн жамылып талаушыдан әзір аман. Қазағы көп шет жақтарда жиі-жиі болып 
тұрады. 
Талаудан  кейін  казактардың  біразы  таратылды.  Қайтатындары  жегу  саймандарын  берсе 
қолынан, бермесе жолынан алып, халықты зарлатты. 
Талау  басыла  бергенде  қазақ,  ноғай,  сарт  теп-тегіс  милиция  сайлау  жұмысына  жұмыла 
кіріссе  де  солдаттардың  қарсы  түсуі  себепті  кідіріп  қалды.  Январьдің  14-інде  тағы  да 
бүліншілік  қозғалып  кетуінен  қауіп  болған  соң,  күндік  ақы  кесіліп,  15  атты  милиция 
шығарылды.  Бәрі  қызметтен  қайтқан  ноғай  солдаттары.  Құрал  берілмекші.  Управа  30 
милициялық  алты  айға  22  мың  сом  жоба  жасап,  «бұл  ақшаны  мұсылмандар  көтерсін. 
Түбінде орыс, мұсылман қақ жарлы болар» деп отыр. 
Кейбір  қара  жүрек  орыстар  «мұсылмандардың  милиция  жасауы  гарнизонға  қарсы»  деп 
құбыжық көрсетіп, надан солдаттарды айтақтап отыр. Милиция .ұстауға 25 мыңдай ақша 
жиюға  жоба  жасалып,  әркім  шамасына  бермекке  жазылып  еді,  енді  сол  ақша  жинала 
басталды. 
Тілші 


65 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет