2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет78/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

АЛАШ ҺӘМ ТҮРКІСТАН 
Соңғы  жалпы  қазақ-қырғыз  сиезінің  қаулысы  оқушыларға  белгілі.  Сиез  бірауыздан 
автономия  керектігіне  қол  қойып,  тек  қашан  ресми  иғлан  ету  жайын  кеңескен  еді.  Бұл 
туралы  тоғыз  күндей  толғанып,  жұрттың  шығарған  қаулысы:  1)  Милиция  жасау  қамына 
кірісу;  2)  Арамыздағы  жат  жұрттармен  сөйлесу;  3)  Түркістандағы  ағайынымызды  қосып 
алу, сонан кейін Алаш автономиясын иғлан ету. 
Жоғарғы  үш  тілекті  іске  айналдыру  һәм  бүкіл  қазақ-қырғыз  істерін  басқару  үшін  сиез 
Алашордасын  құрды.  Алашорда  5  январьда  Түркістан  шаһарында  Сырдария  облысының 
сиезін шақырып, ол сиезге үш өкіл жіберді. 
Түркістан уалаятындағы 5 облыста (Сырдария, Жетісу, Самарқан, Закаспий һәм Фергана) 
қазақ-қырғыз  бар.  Түркістан  автономиясы  иғлан  етілгенде  осы  5  облыс  түгелімен 
Түркістанда  қалғанға  есеп  болып  көрінді.  Солай  болған  соң  Алашорда  Түркістан 
уалаятындағы  5  облыс  қазақ-қырғыздың  сиезін  шақырмай,  жалғыз-ақ  Сырдария  сиезін 
шақыру себептері мынадай еді: 
Жалпы  қазақ-қырғыз  сиезінде  болған  Жетісу  облысының  өкілдері  бірауыздан  «Алаш 
боламыз,  Түркістаннан  шығамыз»  десті.  Сиезге  Жетісудің  әр  үйезінен  келген 
телеграмдардан  да  көрінді.  Жетісудың  қазақ-қырғызы  түгел  Алаш  туының  астында 
екендігін  27  ноябрьде  Қоқанда  Түркістан  автономиясын  иғлан  етіскен  сиезде  Жетісудан 
бір  де  өкіл  болмағандығы  білінді.  Сондықтан  Жетісудың  Алашта  екендігінде  шүбә 
қалмады. 
Түркістанның  бір  облысы  —  Самарқан.  Бірақ  мұның  аты  облыс  болғанымен  жалғыз-ақ 
Жизақ  үйезінде  6  болыс  қазақ  бар.  Бүл  6  болыстан  жалпы  қазақ-қырғыз  сиезіне  келген 
өкіл Есет Ақжолұлы елінің сәлемін жария қылды: «Қалың ағайыннан айырылып, адасқан 
қаздай аз ғана ел едік, қашан да болса Алаштан айырылмаймыз» деп. Бұл Жизақ үйезінің 
қазағынан да Қоқан сиезінде өкіл болмаған екен. Бұған қарағанда Самарқан облысындағы 
қазақ та Алашты аңсап отырғандығы көрінді. 
Түркістанның енді бір облысы — Закаспий. Облыс дегенмен мұнда да қазақ аз. Жалғыз-ақ 
Маңғышлақ үйезінде 13 болыс адай бар. Жері шалғайлықтан жалпы сиезге адай өкілдері 
жете алмады. Маңғышлақ адайы Орал облысының Темір үйезімен қоныстас һәм ағайын. 
1-ші  һәм  2-ші  жалпы  қазақ-қырғыз  сиездерінде  Орал  өкілдерінің  сөздерінен  мағлұм 
болды:  Маңғышлақ  адайы  қайда  жүрсе  де  Орал  облысымен  бірге  болатындығы. 
Сондықтан  Орал  Алашта  десек,  Маңғышлақ  адайының  Алаштан  кетпейтіндігі  анық 
болды. 
Енді бір облыс — Ферғана. Мұнда біздің қырғыз коп. Автономия болудың бір шарты  — 
жұрттың  қонысы  бірыңғай  болу  һәм  тіршілік  шаруасы  үйлесу.  Ферғана  қырғызы 
қашаннан сартпен аралас, кәсіп-шаруа жүзінде сартпен байланысқан, ғұрып-мәдениеті де 
өзгерген һәм қонысы да аттамалы. Сондықтан Ферғана қырғызын Алашқа тарту зорлық, 
Түркістаннан шығару қиын екендігі анықталды. 
Түркістан уалаятындағы төрт облыс — Жетісу, Самарқан, Закаспий һәм Ферғана сиездері 
шақырылмау себептері осы. 
5-ші  облыс  —  Сырдария.  Мұнда  қазақ-қырғыз  коп.  Алаш  автономиясына  қосыла  кетуге 
жері  бірыңғай,  ғадет-ғұрпы  бір,  тіршілік  шаруасының  да  Алаштан  айырмасы  жоқ.  Алаш 
Алаш  болатын  болса,  Сырдарияның  айырылатын  түк  қисыны  жоқ.  Бірақ  жалпы  қазақ-
қырғыз  сиезінде  Сырдария  өкілдері  Алаш  бірлігін  қуаттаса  да,  Алашқа  қосыламыз-
қосылмаймыз  деп  елін  билеп  кесіп  айта  алмады.  Себебі  Түркістан  автономиясы  иғлан 


70 
 
етілгенде  Сырдария  бірге  кеткен.  Қоқан  сиезінде  аз  да  болса  өкілдері  болып,  зиялы 
азаматтары  хүкімет  басына  сайланып  қалған.  Сондықтан  Сырдария  қазақ-қырғызы 
Алашқа  қосыла  ма,  жоқ,  Түркістанда  қала  ма,  мұны  жұрт  білсін  делінді.  5-ші  январьда 
Түркістан шаһарында Сырдария облысының сиезі шақырылу себебі осы еді. 
Сырдария  сиезі  Түркістан  шаһарында  6-шы  январьда  ашылып,  9-ында  жабылды.  Сиезге 
болыс басы бір өкілден шақырылған еді, 72 өкіл келді. Сырдария облысы Алашқа қосылу-
қосылмау  мәселесі  қаралудың  алдында  Қоқан  һәм  жалпы  қазақ-қырғыз  сиездері  туралы 
доклад оқылды. Қоқан сиезі туралы оқылған докладтан һәм біздің сауалымызға берілген 
жауаптардан  анықталды  —  Түркістан  автономиясын  иғлан  еткен  сиезде  жалпы  қазақ-
қырғыз  туралы  сөз  болмапты  һәм  Сырдария  облысы  Түркістанға  не  себепті 
қосылатындығы тексерілмепті. 
Сырдария  Алашқа  қосылу-қосылмау  мәселесі  үш  күн  тартысқа  түсті.  Армансыз 
тексерілді.  Алаш  баласы  бірікпесін  деген  жан  болмады.  Ұранына  қызбаған,  ұлтына 
тартпаған  кісі  кем  болды.  Бірсыпыра  зиялылар  Түркістанға  тартты.  Түркістан  —  бай, 
Алаш  болып  Түркістанға  қарайық,  ең  болмағанда  Сырдария  Түркістанда  қаламыз  десті. 
Бірақ  сөйлесе,  дәлелдесе  келгенде  екі  жақ  түсінісіп,  Алашқа  Алаштан  артық  ешкімнің 
жоқтығына  көз  жетіп,  Түркістанға  қарайық  деген  сөз  қалды.  Алаш  туының  астында 
табысалық деген бір қаулыға келді. 
Сырдария  Түркістан  автономиясынан  күні  бүгін  шығып  кету  қиын  екендігі  сөз  болды. 
Мұны  айтушылардың  дәлелі:  енді  Алаш  болдық,  айырылмаймыз.  Бірақ  күні  бүгін 
Алашымды таптым деп шығып кетсек, мынадай ауыр заманда Түркістан автономиясының 
қабырғасын  сөгіп  кеткендей  болармыз.  Көрші,  қандас  һәм  діндес  ел  едік,  досқа  күлкі, 
дұшпанға таба қылмалық. Хүкімет істерін де қазақ азаматтары басқарысып тұр еді, аз күн 
шыдалық, Алаш автономиясы иғлан етілсін һәм Алаш Түркістанмен одақ болсын. Сонан 
кейін Сырдария Алашымызға қосыла кетелік десті. 
Ерсілі-қарсылы кеңесіп, ақырында сиез мынадай қаулы шығарды: 
1)  Сырдария  облысы  қазіргі  уақытта  тегіс  Түркістан  автономиясында  болған  себепті 
әзірше Түркістан автономиясында қалады; 
2) Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясымен союз 
(одақ)  болса,  Сырдария  қазақ-қырғыздары  Түркістан  автономиясынан  шығып,  Алаш 
автономиясына кіруге қарар қылды; 
3)  Сиездің  осы  қаулысы  Сырдария  облысынан  Түркістан  учредительное  собраниесіне 
сайланып баратын депутаттарына наказ болсын
4)  Сырдария  облысының  халқы  Алаш  автономиясына  қосылған  уақытта  осы  облыстан 
Түркістан  учредительное  собраниесіне  сайланған  депутаттары  Алаш  автономиясының 
сайлау законына муафық болса, Алаш учредительное собраниесіне депутат болсын; 
5) Алашорда Түркістан шаһарында болсын. 
Сиезде  Алашқа  қосылмаймыз  деген  ешкім  болған  жоқ:  кәрі-жасы,  қарасы-төресі,  байы-
кедейі бірауыз болды. 
Қанша  заманнан  бері  қорлық-зорлықтың  астында  бастан  ерік,  малдан  құрық  кетіп, 
торғайдай  тозуға  айналғанда  Құдай  мұндай  қуанышты  күндерге  жеткізіп,  Алаш  баласы 
біріккеніне  қуанысып,  өкілдер  бірін-бірі  құттықтасты;  Аруақ-Құдайды  ауызға  алысты; 
қарттар  жылап,  жастар  қайраттанды;  өлген  тіріліп,  өшкен  өнгендей  болды:  Алаштаған 
ұран әуені жаңғырықтырды. 


71 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет