X. Күленов
ҚЫЗЫЛЖАРДАН
Құсмұрын елінің адамы Нұреке Иман баласы «ел ағасы» мырзалармен карта ойнап, екі
мың жарым ақшасын ұттырды. Мырзаларды жанап ергендегі тапқан олжасы осы. Игілік
іске келгенде іске қызғандай иіген бір қазақ болсайшы! Мақсаттарын газет арқылы
жариялап, әр жерде ұйымдар ашылып жатыр. Оқуда жүрген кедей шәкірттер жәрдемге
мұқтаждығын өздері де, газеттер де жазып жатыр. Кешегі зорлықшыл қара хүкіметтің
ызғарынан қашып, қырғынға кездесіп, ашаршылыққа ұшыраған қырғыз бауырларымызға
қарындастық қарызын өтелік деп жар шақырылып жатыр. Ұлт қазынасын жасап, ұлт
жұмысына ірге салып, жұрттығымызды сақталық деп айтылып жатыр. Ұлт жұмысы, оқу
ісі, ағайындық борышы дегенге картаға ұтқызғандай, насыбай шылымға ұстағандай
көңіліміз жібімейді, селт етпейміз. Жақсылыққа бастаған іс болса, салғыласып, айтысып,
тартысамыз; сиез құрамыз, қызыл кеңірдекті саламыз, тексереміз, сынаймыз; ілгері
бастырып жіберуге діңкеміз құриды, ниетіміз тасымайды, талабымыз баспайды; кейіншек,
керенау, тоңмойын боламыз да отырамыз. Ел бастаған ақсақалдар-ау, қызмет иесі
мырзалар-ау, сәлделі діншіл молдалар-ау, тыйғыш болсаңдар карта ойнауды,
насыбайшылым тартуды, өтірік айтуды, ұрлықты неге тыймайсыңдар? Жұрт үшін шыбын
жанын құрбандық қылып жүрген азаматтарға көмекші болмай, азғырған арамзалар өсегіне
нанып, бас изейсіңдер, ересіздер, қызасыздар. Карта ойнауға, насыбай атып, шылым
67
тартуға қарсы тура алмай ергендік қандай болса, жауыздардың өтірік-өсегінің маздауын
сондай басып, жақсылыққа бастатпай отыр. Бойларыңды жиып, ақылыңды сергітіп,
жақсылыққа да жеңгізетін күндерің болар ма?!
Достарыңызбен бөлісу: |