2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет82/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

САРЫ — АРҚА 
 
ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ 
15  февральда  Семей  облысының  Павлодар  қаласында  үйезный  сиез  ашылды.  Бұл  сиезге 
Тұрағұл,  Міржақып  кез  келіп,  халықтың  басы  қосылған  жерде  ұлт  қазынасы  туралы  сөз 
сөйлеп, түсіндіргеннен кейін халықтың рухы көтеріліп, бір мәжілістің өзінде 53 мың 239 
сом  ұлт  қазынасына  жазылды.  Жұрттың  көбі  сиезге  келген  жолаушы,  көбінің қалтасына 
салып  келген  ақшасы  болмай,  сол  арада  қолма-қол  тапсырылғаны  21  мың  939  сом,  елге 
барысымен  тапсырмақ  болған  ақша  31  мың  300  сом  болды.  Халық  көбірек  жиналған 
болса,  ақша  да  көбірек  жиналатын  екен.  Бірақ  жер  шалғайлықтан  сиезге  бір  үйездің 
өкілдері  түгел  келмеген  һәм  ірі  байлар  да  елде  екен.  Сиезге  келгендердің  тартынып 
қалғаны  болған  жоқ.  Бірлі-жарымды  бай  һәм  басшы  адамдар  ол  мәжілісте  суырып  ақша 
салмаса да, елге барып, жұрттың басын қосып, басшылық етіп, ұлт қазынасын молайтамыз 


76 
 
деген уағдаларын берісті. Бұл уағда, бүл жігер бергеннің де, бермегеннің де ауызында һәм 
көңілінде  болып,  тұс-тұстан  елге  ұғындырмақ  һәм  ұлт  қазынасын  көркейту  жолында 
аянбай қызмет етпек болысты. 
Ұлт қазынасы сөз болғанда халықтың рухы көтерілгендігі сондай: 
—  Айналдырған  үш  тайыншам  бар  еді,  ұлт  қазынасына  соның  бірін  бердім.  Сатып 
ақшасын алыңдар, - деп бір кедей келді. 
—  Барым  осы.  Алаш  жолында  аянар  түгім  жоқ,  малым  түгіл,  басым  құрбан,  —  деп 
жыламсырап бір кедей шал келді. 
Байларға қарап: «Партияға да неше мыңдап шашатынсыңдар, беретін жолдарың осы. Біз, 
кедейлер,  Алаш  жолына  басымызды  беруге  даярмыз,  сендер  малдарыңды  аяма!»  деп 
айқайлаған кедейлердің сөзі көңілді балқытқандай әсер берді. 
Мұхтар Жәлеладдинұлы деген жігіт: 
—  Ақшам  жоқ.  Жегіп  жүрген  аяулы  екі  сары  атым  бар,  ұлт  қазынасына  салдым.  Қазір 
біреуің базарға шығарып сатыңдар, — деп қалада тұратындарға аманат тапсырды. 
Павлодар  қазағының  бірлік-берекесі,  ұлтшылдығы  аса  көзге  көрінді.  Заман  түрленіп 
тұрғанда  алалық,  алты  ауыздық,  іріген-шірігендік  көрмедік.  Шашау  шықпастан  Алаш 
тілегінің үстінде екенін байқап, Құдайға шүкіршілік қылдық, қуандық. 
Алаш  баласы  былай  тұрсын,  Павлодардағы  азғантай  ноғай  ағайындардың  Алашқа 
тілектестігі,  туысқандығы  артықша  көрінді.  Ұлт  қазынасы  сөз  болған  соң  Кереку 
ноғайлары 8 жарым мың сом берді,  тағы да жинамақшы. Бүл ағайындарға Алаш атынан 
Алла риза болсын айтылды. Алаш қазынасына астындағы жалғыз атын түсіп берген ногай 
болды. Аты — Хафиз Сатаров. 
Қандасымыз,  діндесіміз  ноғай  ағайындар  былай  тұрсын,  ұлт  қазынасы  туралы  сөз 
сөйленгенде тыңдап тұрған Гавриил Колмогоров деген орыс келіп, бір мың сом ақшасын 
суырып ортаға салды. Қазақпен көрші орыс едім деп әр ісімізге тілектестігін білдірді. 
Құдайға  шүкір,  Павлодар  қазағы  Колмогоровтан  бізді  ұялтқан  жоқ.  Өзге  елдер  де  ұлт 
қазынасы сөз болғанда Колмогоровтың ісін ұмытпасын... 
Сөйтіп,  Павлодар  елі  өзге  жұртқа  үлгілі  бір  ізгі  іске  мұрындық  болды.  әр  жерде  әр  ел 
осындай  қимылдайтын  болса  намыс-жігері,  ұлт  қаны  қайнайтын  болса  қазына 
табылатындығы иманымызды күшейтті. 
Қазынасыз іс бітпейтіндігі белгілі. Неше айдан бері зор мақсат, ілгері тілеудің үстіндеміз. 
Бірақ құр тілекпен алысқа кете алмаймыз. Білімді білімін, бай малын, жас қайратын, қарт 
қариялығын  ұлт  жолына  аянбай  жұмсап,  Алаш  көшін  жолда  қалдырмай,  мақсұтты 
қонысына қондырғанша түнде ұйқы, күндіз күлкіден безбесек, жанды құрбан, малды пида 
қылмасақ,  басың  базарға,  малың  талауға  түсіп,  қор  болған  күні  өкініштен  пайда  жоқ. 
Ондай күнді Құдай бізге көрсетпесін. Садақаңды сауыңда бер, Алаш! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет