73
Ғылым үйретілетін мейлі мекеме, мейлі қауым, мейлі жай кісі мектептерінің баршасында
дін сабағы оқытылмай тыйылды.
Дін оқытқысы, яки үйренгісі келген адамдар жайдан біледі.
1. Діншіл һәм мешітшіл қауымдар жай қауымдар мен союздар үшін арналып шыққан
заңдарға мойынсұнады һәм не мемлекеттен, не оның жергілікті
хәкімдерінен қасиет көріп,
жәрдем алып пайдаланбайды.
2. Мешітшіл һәм діншіл қауымдар пайдасына зорлап салық салу, алым алу немесе алмақ
үшін қыстау, яки жазаландыру тыйылады.
3. Ешбір мешітшіл һәм діншіл қауымдар мемлекетке ие болуға хұқы жоқ.
4. Россиядағы мешітшіл һәм діншіл қауымдардың барлық мүліктері жұрт қазынасы
делінеді.
Құдайға құлшылық қылатын үйлер һәм нәрселер жергілікті хәкімнің яки кіндік хүкіметтің
айырықша қаулылары бойынша діншіл қауымдарға тегін пайдалануға беріледі.
Халық Комиссарлары Советінің председателі – Ульянов (Ленин);
Комиссарлар: Рудницкий, Альфасов, Тартуский, Шлихтер, Прошян, Михайловский,
Плавников,
Петровский;
Хүкімет жұмыстарын билеуші – Бунч Бруевич;
Халық Комиссарлары Советінің секретары – Горбунов.
Достарыңызбен бөлісу: