Россия хабарлары
УКРАИНА ЖАЙЫ
Украина деп кіші орыс елін айтады. Бұл ел біз секілді ұлы орысқа бағынған, кірме
есебінде болатын. Кешегі патшалық заманында Украина халқы тепкі жеген, зорлықты
көрген, өз тілінде баласын оқытатын мектептері болмай, ашайын десе тыюға кездесіп,
хәкімдері өзінен қойылмай, қойылса затын сатқан залымдардан қойылып, талай кейіс
тартқан ел. Қашаннан өз тізгінін өзі алып жүруге аңсап, еркіндікке жете алмай демі
құрып, бостандыққа шөлдеген жұрттардың бірі болатын. Отырған жері Еуропадағы
Россияның ең маңызды, қара топырақты егін көп шығатын солтүстік Россияны астық
беріп асырайтын жер. Өзге зауыт, пабірік кәсіптері де күнбатыс Еуропа үлгісіне салынған,
сауда-саттық қатынасы мол араласқан, оқу, әр жағы да ұлы орыспен тең ел. Украина
халқының саны 35 миллиондай. Осы айтқан Украина халқы бостандық күні тұтаннан қам
қылып, күтініп, жеке мемлекет (автономия) бонуса даярланып еді. Ұлы орыс әскерлерінің
ішінде бытырап жүрген солдаттардың басын қосып, өздерінен айырықша әскер жасан еді.
Өткен жаздың аяқ кезінде кемеліме келдім, автономияны берсең қолыңнан, бермесең
жолыңнан аламын деп Уақытша Хүкіметке сөз салып, құрылтайды күт, аял қыл дегеніне
шыдамай, Украинаны автономиялы жұрт деп жария қалған еді. Ұлт хүкіметін (рада)
сайлап, ұлт құрылтайын шақырып еді. Большевиктер мемлекет билігін алған соң
Украинаға хәкімшілігін танытпақ болды. Украинаның хүкіметі (рада) танымады да,
білмеді. Большевик хүкіметі мен раданың арасы ашылды. Араздық күшейді, жауласуға
айналды, бір-біріне соғыс жария қылысты. Большевик хүкіметі әскерлерін Украинаға
жіберді. Украина қарсы тұрды, талай идам қырылды, қаны судай ақты, талай қала
жабылып, таланды. Аяғында большевик хүкіметінің әскерлері жеңіп, Украина хүкіметі
тұрған Киев қаласын алды. Қарсыласқандарының басына қиямет қайым туғызды: асты,
атты. Киев алынған соң большевиктер бел асқандай, қарсы тұрған қамалдың ең қиынын
бұзып талқандағандай көңілдері тасыды. Судың тасуы да, қайтуы да жылдам дегендей
ілгеріге жібермей, екі-үш жеті өткен соң Украина әскері немістерді қасына ертіп алып,
қайта шабуылдап, Киевтегі большевиктерді төңкеріп, түре қуып тастады. Украина
хүкіметінің әскері большевиктерді іздеп, қолына түскенін қатты қинап, аса қаталдықпен
өлтіріп жатыр деген хабар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |