2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет94/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Жас Алаш  
 
ҚАЗАҚ СОТЫ 
Қазақтың  өз  билігі  өзінде,  Россияға  бағынбай  тұрған  заманында  айнымайтын  алмастай 
әділ  атақты  билері  болған.  Олар  оқымаған  тоқыған,  туысынан  би  болған.  Олар  айтқан 
билікке тынбаған жан болмаған. 
Орысқа  бағынған  соң  бұрынғы  билер  қалып,  дуанбасы,  қазы,  майор  қойылған.  Олардың 
дәуірі  өтіп,  жаңа  закон  шығып,  қызметке  таласатын  жаңа  дерт  жұққан,  бүктеме  сайлау 
шыққан.  Малды  кісі  би  болды,  милы  кісі  ей  болды,  билігі  жақсы  жөн  болды.  Партия, 
бүлік, ел жиыс, ертеңді-кеш итжығыс, тыным да, бітім де жоқ заман болды. 
Үйез  сайын  чрезвычайный  сиез  болды.  Сиезде  жұмыс  бітіп,  тынып  қайтқан  бір  адам 
табылмады.  Сиез  басында  айуан  тұрды.  Одан  қашан  Құдай  құтқарады  деп  жылап 
жүргенде  17  жылы  27  февральда  бостандық  күні  туды.  Құлдықтың  қосағынан  құтылған 
соң  әр  жұрт  өз  тізгінін  өзі  алып,  ел  болуға  қам  қылды.  Жұрт  ортасына  тыныштық 
орнатып,  момынды  залымнан  қорғамақ  болды.  Сол  үмітпен  Семей  облысының  қазақ 
комитеті  обласной  һәм  үйезный  қазақ  соттарын  ашты.  Ол  соттарды  елдің  төрт  қырлы 
сайлауымен болған гласныйлар қайтадан сайлап, түпкілікті айтып бекітті. Жаңа ашылған 
қазақ соты ақыретте иманға, тіршілікте ар-ұятқа тапсырылған сот. 
Семей облысының қазақ соты 1 марттан бастап хүкім етуге, ұрлық, зорлық, залымдықты 
тиюға кірісті һәм Семейдің үйезный соты ашылды. Әр үйездің өзінде үйезный сот хәкім 
етеді.  Бұл  соттар  таза  қазақ  жұмыстарын  тексереді.  Вексіл,  нотариус  куәландырған 
қағаздар  орыс  сотына  тиісті.  Қазақтың  қандай  үлкен  жұмысы  болса  да,  үйезный  сот 
қарайды.  Екі  үйездың  арасындағы  жұмыс  қай  үйездің  жерінде  болса,  сол  үйездің  соты 
тексереді. 
Үйез басы алаптық (районный) екі сот болмақ. Алаптық сотты үйезный земство ағзалары 
сайламақ. Ол сайланғанша үйезный сот жұмыстарын атқара тұрмақ. 
Үйезный  сотқа  разы  болмаған  жұмыс  үйезный  соттардан  асып  келген  жұмыстарға 
обласной  сот  жүріп,  өз  жерінде  билік  айтпақ.  Бұрынғы  окружный  соттарша  ауық-ауық 
барып тұрмақ. 
Семейдің обласной соты мен үйезный соты бұрынғы окуружный сот мекемесінде орнады. 
Обласной  сот  мүшелері:  председатель  Мұқыш  Поштаев,  ағзалары  —  Шәкәрім 
Құдайбердіұлы, Иманбек Тарабайұлы, Смахан Нұрмұхеммедұлы Бөкейханов. 
Үйезный сот мүшелері: председатель — Нияз Молдабаев. Ағзалары: Тұрағұл Ибраһимұлы 
Құнанбаев, Құрман Есенқұлұлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет