Әйтеш Әжібиев «ҚАП-ТҰР-ҚО» «Моллаеке-ау! Пәленше екеңдікіне комитеттен мұғалім оқытушы келіпті. Бұ мұғалім
дегеніңіз не оқытушы еді?» деп кей ақсақалдау мырзалар хазіреттеріміз бен қалпелерден
сұрай барса:
«Ойбай-ау, отағасы! Не айтып отырсыз? Заман ақыр боларда жәдит деген оқу шығады
деуші еді. Сол оқу — осы. Бұ кәпір біздің Басқарағай, Малыбай, Сейтенге келе қойған жоқ
еді, келіп қалған екен той. Комитеті түскір дүниені де қымбаттатып бітіріп еді...
Шамаларың келсе балаларыңды оқытпаңдар» деп насихат айтыпты.
Жарықтықтар құлқынға сатыла бергісі келмесе, елдің қамын ойлайтын да мезгіл болып
еді. Сірә, болатын емес: жадысы басым көрінеді. Өйткені талай зиялысымақ көзі
ашықтарымыздың үйінде де «Қап-тұр-қолар» әлі құлдықтан құтылатын көрінбейді.