126
«Игілік» қазақ жұртына мұғалімдердің аса қажет екендігін ойына алып, әлінен келгенше
мұғалімдер әзірлеуге тырысады (биыл да өзара қазақ шәкірттері болып, ішіміздегі
тәжірибелірегіміз бұрын бала оқыту жайына ысылмағандарымызға жұма сайын шамамыз
келгенше үйретіп, мұғалімдікке әзірледік). Бұнымыз ең болмаса, бастауыш мектептің
программасымен болса да танысып шықсын дегендік. «Игіліктің» көздеген нысаналары
мынау:
1) «Ғалиядағы» мұқтаж қазақ шәкірттеріне бас-көз болып, тарыққандарына көмек ету;
2) «Ғалияға» келген қазақ шәкірттеріне бастауыш мектептің программасы бойынша
оқылатын пәндердің оқыту ретін көрсететін мұғалімдік курс ашу;
3) «Ғалиядағы» қазақ шәкірттерінің орысшасына көз салып, жалпы көп тілесе орысша
оқытуды күшейту;
Шәкірттердің өздері жазған, яки басқалар жазып, «Игілікке» сыйлаған кітаптарды
жарамды көрсе, бастыру;
4) Бұрынғы ескі сөздердің ел арасына көбірек таралуына себепші болып, ақындардың,
билердің сөздерін жинастырып, уақытында бастырып тұру.
«Игілік» атынан Fабдалрахман Мұстафаұлы
Достарыңызбен бөлісу: