2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет151/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Шәкәрім 
 
 
ҚАЗІРГІ КҮЙ 
Германиямен жасалған бітім шаруа жүзінде болсын,  келесіде  жалпы мемлекет мақсатын 
көздеген күнде де, мемлекеттер арасын матастырған саяси қатынас жағынан қарағанда да, 
қай жағын ақтарып тексерсек те, көпке шейін бас көтертпейтін Россияға ауыр жүк түскені 
бүкіл  жұртқа  мәлім.  Мұны  «бітім  кіндігін  кескен»  совет  хүкіметі  де  жасырып  отырған 
жоқ. «Бітім жүгі ауыр, бірақ әбден әлсірегендіктен амалсыз қол қойып отырмыз...» деседі. 
Бітім кесірі Россияның жалғыз қара басына тиіп отырған жоқ. Мұның шарпуы Россиямен 
екі  араны  да  шалып  отыр.  Біреуді  біреумен  жақындастырып,  жабыстыратын  тұтынған 
саяси жолдардың бірлігі, екі жақтың шаруа жүзінде үйлесіп, келісуі. Мемлекет болсын, я 
мемлекет  ішіндегі  таптар  болсын  біреумен  арбасып,  я  аңдысса,  өзгесі  екі  жолдың 
ыңғайына  қарап,  саяси  әдіс,  план  құрады.  Әрісі  мемлекеттер  арасындағы  соғыс,  берісі 
мемлекет  ішіндегі  тартыстар  сол  ұстанған  жолдардың  үйлеспегендігінен,  саяси  мақсат, 
шаруа  жолдарының  қайшы  болғандығынан  туады.  Мемлекет  түрі  қандай  болып 
құбылсын, жер жүзіндегі жұрттар арасында қандай қиыспайтын қарындастық, құрдастық 
орнасын,  бұл  тартыс  —  өмір  тұрмыс  ісі  қай  уақытта  болсын  жоғалмақшы  емес,  һаман 
болмақ. 
«Берерменге  бесеу  көп,  аларманға  алтау  аз»  болып,  осы  екі  арадан  саяси  тартыс  туып 
тұрмақ.  Саясат  тәртібінің  мақсұты  қиғаш  кеткен  жолдардың  басын  мүмкін  қатар  ұйыту, 
бір-біріне жақындастыру ғана. 
Россия  жеке  бітім  жасаған  соң  одақтас  мемлекеттер  Франция,  Англия,  Жапония,  Қытай, 
Америкалардың  күші  азайып,  белі  сын-ды.  Бұрынғы  айтысқан  серт-уағда  бұзылды.  Қай 
жағының болсын, тұтынған саяси жолы өзгерді, екі араға кірбең кірді. 
Кеше одақтас, оттас мемлекеттеріміздің кейбіреуі осы күнде өзімізге тап беруге сынықтан 
сылтау таба алмай жүр. Кейбірі сырт көзге сынық көрініп, іштен қозғалған дертке сыртта 
отырып  дем  беріп,  мемлекеттің  іштен,  сырттан  шіруіне  тілеулес  болып,  қанатынан  бал 
ашқан  күшігендей  Россия  мемлекетінің  басында  айналып  ұшып  жүр.  Қай  қайсысының 


128 
 
болсын мақсаты — Россияны әнеугі жасалған бітімінен қайтармақ. Совет хүкіметін жеке 
бітім жасап, бұрынғы айтысқан сертті бұзғаны үшін аудармақ. 
Міне, осы себептермен Жапонияның адмирал Като бастатқан екі рота әскері жайшылықта 
маса  шаққандай  көрінбейтін  екі  жапонның  өлімін  сылтау  қылып,  Владивосток  қаласына 
кіріп  отыр.  Мұның  ізімен  Жапониямен  одақтастығым  бар,  соғыс  шыға  қалса  өзімізге 
қараған  елді  қорғаймыз  деп  ағылшын  солдаттары  да  келіп  отыр.  Француз  газеттері 
ағылшын,  жапондарға  тілеулестігін  жасырмай-ақ  білдіріп  отыр.  Телеграм  хабарлары 
Жапон  қимылына  Америка  ырза  емес  дейді.  Сонан,  я  басқа  себептен  бе  ағылшын 
солдаттары қайтадан кемесіне мініпті. Жапон солдаттары соғыс ашпай тек қаланың жапон 
тұрған  жағын  ғана  айналып  тұр  дескен  еді.  Кешегі  келген  телеграмда  жапон 
солдаттарының ауа жайылатын ойы бар, бірақ Владивостоктағы біздің милиция жібермей 
тұр деген. 
Жапон мен Америка бұрын шаруалары қайшы келіп, бас күндес болып жүруші еді. Осы 
ретте  қайтер  екен  һәм  жапон  өз  бетімен  кетер  ме  екен,  жоқ  тоқталып  қалар  ма  екен, 
жақында  уақыт  көрсетер.  Орыс  газеттерінің  біреуінде  Жапонның  ойы  мынадай 
аласапыран заманда Сібірді алып қалмақ деседі. 
Қытай жасауыл Симоновты жақтап, бейтараптық халдан шыққан сияқты болып тұр. 
Германиямен  жасалған  бітім  ауыр  бітімге  айналған  сияқты.  Украинаны  бетіне  ұстап, 
оңтүстік  жақтан  жоғары  өрлеп,  неміс  әскері  Курскі  қаласына  50  шақырым  жерде  отыр. 
Солтүстіктен  Финляндияның  Гилсингфорс  қаласын  алып,  Финскі  суының  мүйісіндегі 
Виорк  аралына  әскер  төгіп  отыр.  Бұл  беті  Петроград  іс-жұмысымызға  келсек  фабрика, 
зауыттардың  тоқталғандығынан  іссіз  қалған  жұмыскерлер  Россияның  әр  қаласында 
күннен-күнге көбейіп, иін тіреседі. 
Россияның  басында  сырттан  екі  пәле,  іштен  бір  пәле  түсіп  отыр.  Сыртқы  пәленің  бірі 
жоғарыда  айтылған  өзімен  одақтас  мемлекеттер;  екіншісі  бітім  жасап,  көзін  байлап, 
Россияны  келемеж  қылғандай  болып  күннен  күнге  жуандап,  алқымға  төніп  отырған 
Германия.  Қырық  түрлі  партия  шығып,  өзін-өзі  қырық  пышақ  болып  отырғаны  мынау. 
Қысқасы, Россия үш бұлқынның түйіскен жерінде отыр. Қайсысы жеңері белгісіз. Россия 
аянышты халда. Егер өзара тартысын тастамай, партиялар, таптар бетімен жайыла берсе 
мемлекетіміздің мемлекет күйінде қалуы екіталай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет