2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет153/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ОМБЫ 
Әрісі  бостандыққа,  берісі  октябрь  төңкерісіне  қарсы  дұшпан  есебінде  Мұқан  Әйтпен 
баласы тұтқынға алынған. 
Басқарма:  Мұқан  Әйтпен  баласы  Омбыда  «Үш  жүз»  партиясының  белді  «көшбасшы 
көсемі»,  желі  болса  тірейтін,  «сырығының»  бірі  еді.  Кеше  «Ферғананың  айы»  айланып 
келіп,  біздің  Омбының  үстінен  туғанда  «Үш  жүздің»  шаңырағын  көтерген  осы  Мұқан 
мырза Әйтпен баласы еді. Бүгін Мұқан «бостандықтың дұшпаны» аталып тұтқында отыр. 
Ұзынқұлақ  хабардан  естуші  едік,  қыстан  бері  Мұқан  Көлбаймен  жолдас  болғаны  үшін 
қатты  өкініп  жүр  деп.  Осы  жазғытұрым  тағы  да  хабар  алған  едік:  Мұқан  Көлбайдан 
айырылды деп. Сондықтан «дос есебі көңілден болған ба» деп ойлаймыз. Әйтпесе, кеше 
«Үш  жүздің»  туын  алып  шапқылап  жүрген  Мұқан  мырза  бүгін  не  қылып  «бостандық» 


130 
 
дұшпаны  бола  кетті?!  Әрі,  жаны  ауырған  үшін  Мұқанды  аяймыз,  тәні  ауырып,  мехнат 
көргені үшін қабағымыз селт етпейді. «Көппен көрген ұлы той». Сыр біліп, сымбат түйген 
жақсы.  «Алыс  пен  жақынды  шапқан  біледі,  ащы  мен  тұщыны  татқан  біледі»  деген 
бұрынғы қариялар. Омбы қазақтарына бұл табылмас тәрбие. 
Алты Алаштың қолын теңдікке жеткізбек болған, қой үстінде бозторғай жұмыртқалатып, 
социализмнің  ұжмағын  жер  үстінде  орнатпақ  болған,  есіл  социализмнен  садаға  кеткір, 
өңшең  қырықтырған,  соғыстырған,  көрінгенді  алдаған,  сағат  сайын  арын  саудалап 
жалдаған, елімізді құрттай жайлаған, шағымымен азаматтарымызды көгендетіп байлаған, 
атасыз, жұртсыз, елсіз, отансыз, сусыз, жерсіз, ойдан-қырдан құралған арсыз саяқтар еді. 
Жұртқа  белгілі,  социализм  —  жалпы  жұрт  теңдігі,  құқыққа  (правоға)  ортақтық,  еңбекке 
һәм мұның жемісіне ортақтық, капиталды еңбекке құл қылу. Осы социализмге саяси көзі, 
есі  бардың  бәрі  құл.  Мұндай  социализм  өмірдің  салған  даңғыл  жолы.  Бірақ  Көлбайдың 
«социализмінің»  жанынан  мұрнымызды  басып  өтеміз.  Арының  кілтінен  айырылған  кісі 
социализмді кір қолымен ұстап басқа теппесін. 
«Үш  жүз»  газетінің  бетінде  қандай  «социализм»  бар  екенін  жұрт  өзі  біледі.  Ондағы 
«қоқымды»  теріп,  әлеумет  алдына  дәлел  қылып  көрсетуге  арымыз  жеркенеді,  қолымыз 
көтерілмейді,  қағаз  және  шыдамайды.  Біздің  иманымыз:  саясат  ауасы  құбылып,  қанша 
төңкерілсе  де  қазақ-қырғыз  жұрты  жер  жүзінен  жоғалмас,  жұрт  күйінде  қалар.  Қазақ 
жерін  жерлерміз,  қазақ  суын  сулармыз.  Аспан,  жер  орнында  тұрса  екі  арада 
«мырзалармен» бір жолығысармыз. Біз сонда сөйлесерміз. Жұрт ынтығын кімге оқыр, өзі 
білер.  Ұры-қары,  өсекшіл,  шағымшыл  Алаш  аруағын  сатқан  арсыздардың  аттары  қара 
тақтайға тез-ақ тізілер. 
Бұл хабар жазылып қойғаннан соң Омбыдан 10 апрель күні мынадай телеграм келді. 
«Көлбай Төгісовтың кім екенін совет хүкіметі жаңа ғана біліп, абақтыға жапты» деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет