«Бірлік» Россия хабары Газеттер хабарына қарағанда Бұхара, Ташкенттегі совет хүкіметіне қарсы соғыс әлі
тоқтаған жоқ көрінеді. Большевик хабаршысы жазады:
Ескі сарттар мен жас сарттар арасында да соғыс ашылды. Ескі сарттарға бас болып жүрген
орыстың генералдары, офицерлері. Орта Азияның темір жолдары ескі сарттардан әбден
тазарды» деп. Соңғы хабарға қарағанда Бұхара мен Ташкент советі арасында бітім
болыпты. Бітім шарты бойынша жақын арада Бұхарамен екі арада темір жол тоқтаусыз
жүріп тұрмақшы. Анық толық хабар алғамыз жоқ, әйтсе де сарттардың көтерілуі
күтілмеген іс емес.