2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет154/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Басқарма: Көлбай Төгісовтың кім екенін, не кәсіппен осы күнге шейін күнелтіп келгені 
біздің алты Алаштың баласына мәлім еді. 
Николай  заманында  «етекасты»  адвокат  болып,  алдап-арбап,  жұрттың  қалтасын  қаққан 
еді.  Бертін  келе  1905  жылғы  бостандықтарда  заманның  ыңғайына  құбылып,  қылмысты 
(уголовный) істері үшін жер ауып жүргенде саяси жұрт үшін күйген  «қамқорым» болып, 
барған жеріне өзін-өзі  таныстырып жүруші  еді. Қашаннан аңқау, бауырмал қазақ байғұс 
мөлдіреп алдында зиялы «жұрт қамқоры» тұрған соң малды да, жанды да алдына салатын 
еді. Арамзаның өмірі бір-ақ тұтам. Көлбайдың кім екені анық білінген соң қазақ жерінен 
октябрь өзгерісіне шейін қоныс таба алмаған еді. Ферғана, Ташкент, Марғылан, Алматы, 
Қапал,  Семей  қайсысынан  болсын  қуылған  еді.  Қазақ  жерінде  түсі,  түгі 
жасырынбайтынын  біліп,  бертін  келе  Ташкентте  сарттармен  жақындасып,  сарт  атынан 
Мәскеудегі  «Шура  и  Исламға»  барған  еді.  Сыр-сымбатын  түйгізген  соң  былтыр  июнь 
аяғында мұнан да қуылған еді. 
Октябрь өзгерісі болды. Большевиктер хүкімет тізгініне жармасып, тартысқа түсті. Саясат 
майданы  қызды.  Біреумен  біреу  ұстасты.  Көлбайларды  туғызатын  осындай  аласапыран 
екіталай заман. 
Көлбай Омбыда «Үш жүз» партиясын жасап, қол астынан «социалист» болып шыға келді. 
Көлбайдың қандай социалист екенін шығарып отырған  «Үш жүз» газетіндегі сөздері ап-
анық  көрсетеді.  Бұ  заманда  кір  қолымен  жанына  келмейтін  есіл  социализмнің  арсыз 
Көлбай  аз  да  болса  мойнына  мініп,  өкпеге  текпілеп, қазақ  жайын  жөнді  білмейтін  совет 
адамдарын  адастырып,  ел  ішіне  іріткі  кіргізді.  Алаш  азаматтарының  жұрт  ісіне 


131 
 
кіріскендерінің ластанбағаны жоқ, жабылмаған бұларға жала жоқ. Өтірік, өсек, шағыммен 
совет  хүкіметін  қырын  қаратып,  азаматтарымыздың  бірсыпырасын  көгендеткен  еді. 
Біреуге қазған көрге Көлбай бүгін өзі кірді. 
«Социалист» Көлбай жалғыз емес еді. Ел ішінде қырқыстырған, сарсыттырған, өмірі елді 
жеп, ұрлап, жырлап, нашардың басынан қамшысы кетпейтін мырзалар Николаймен қабат 
құлаған дәуірін Көлбай арқылы қайта орнату ниетпен бұлар да Көлбайды жақтап жүрген 
еді. Ұры-қары, ел жеген таусоғарлар заман қандай құбылғанмен социалист бола алмайды. 
Социализмнен садаға кеткірлер-ау, сендер жүрген жерде социализмнің ұрығы шықпайды! 
Сендердің қой терісін жамылған қасқыр екендеріңді совет жаңа білді. Алдын тапқан совет 
артын да таба жатар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет