2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет152/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ОБЛАСНОЙ СИЕЗ 
Соңғы  кезде  заманның  түрі  өзгеріп,  саясат  толқыны  құбылып,  хәкімшілік  бірден  бірге 
көшіп  келіп,  ақырында  мемлекеттің  бар  билігі  совет  қолына  ойысқаны  халыққа  мәлім 
шығар. 
Қай облыс, қай қала болсын большевик хүкіметі алмаған жер қалған жоқ. Советтен совет 
шытып,  жергілікті  мекемелердің  бәрін  төңкерді,  иледі,  биледі.  Земстволар  жабылды, 
олардың орнына совет сайланды. Обласной қазақ комитеті обласной сиез шақырып, қазақ 
билігі  қалай  болуы  шешілгенше  уақытша  советке  кісілерін  кіргізіп  отыр.  Бұрынғы 
халықтың  іс  басындағы  қызмет  адамдары  заманның  әуменіне  төңкеріліп,  орнығып  өз 
бетімен  іс  атқарып,  басқарудан  қалды.  Жергілікті  мекемелер  қай  қалыпта,  не  болуы 
белгісіз. 
Міне,  заман  осындай  аумалы-төкпелі,  толқымалы  күйге  ұшырап,  саясат  ауасы  өзгеріп, 
халық  мекемелері  жоғалып,  билік  совет  қолына  ауғанына  халық  қай  көзбен  қарайтыны 
һәм  не  пікірде  екенін  білуге;  екінші,  келешектегі  бір  облыс  елдің  өмір-тұрмысы  қандай 


129 
 
түрде  болуын  шешуге  Семейдегі  обласной  қазақ  комитеті  бір  облыстың  сиезін  құруға 
қаулы қылды. 
Сиезде қаралатын нәрселер мынау: 
1. Автономия жайы
2. Заманның қазіргі халы
3.  Жергілікті  мекемелер  (обласной  сот,  үйезный,  болысной  мекемелер),  бұл  мекемелер 
мұнан былай қалай, қай түрде болмақ? 
4. Жер мәселесі
Ішкі  Россиядан  Сібірге  лек-легімен  көшіп  келе  жатқан  переселен  бар.  Бұ  жақтағы  Сібір 
орыстары,  бізден  басқа  халықтар  переселенге  жер  бермейміз,  тоқтасын  деп  хабар  айтып 
отыр. Енді переселеннің алмақ жері — қазақтікі болмақ. 
1. Оқу істері
2. Азық-түлік; 
Мұнан былай ақшаға керек табылмайды. Малға өлі нәрсе айырбасқа ғана сатылады. 
3. Түркістан өлкесіндегі қырғынға ұшыраған қазақ-қырғыз жайы. 
Міне,  сиездің  қарайтын  мәселелері  аса  зор  һәм  тығыз.  Сондықтан  бұл  сиездің  тезірек 
құрылып  һәм  толық  болуын  көздеп,  сиез  5  майда  Семейде  болсын  деп  қаулы  қылынды. 
Сиезге болыс басы 4 кісі, үйезный комитеттерден екі кісі, ұйымдардан бір кісі келсін. 
Халық  ел  болу,  жұрт  болудан,  ілгергі  күннен  үмітті  болса;  еліне  тыныштық-береке 
орнағанын  тілесе;  жер-суға,  өз  басына  ие  болғысы  келсе  қара  бұқара,  нашардың  қамын 
ойлайтын, өнерлі, жігерлі, көзі ашық азаматтарын келешек 5 майға кешіктірмей жіберсін. 
Бұл сиезге анау-мынау жеңіл істің біріндей қарап, енжарланып, салақсып қалмаңдар. Бұл 
үлкен  сиез.  Бір  облыстың  тұрмыс  тыныштығы,  билік  берекесі  шешілетін  сиез.  Ал, 
азаматтар,  заманның  түрін  байқап  отырсыздар:  жатпай-тұрмай,  айтылған  уақыттан 
қалмай, Семейге жету қамдарыңызды істеңіз! 
Обласной қазақ комитеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет