2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет158/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
РОССИЯНЫҢ БАРЛЫҚ ШЫҒЫНЫ 
«Новая  жизнь»  газетасы  Россияның  бітім  бойынша  шығарған  шығыны  турасында 
төмендегі есепті көрсетеді. 
Қазіргі Россияның ауданынан шығып кетіп отырған жерлер: 
Польша,  Литва,  Прибалтийский  край,  Украина,  Бессарабия  һәм  Кавказдың  жартысы. 
Мұның бәрі 22 гүбірне, 2 облыс. 
Бұл жерлердің үлкендік ауданы 707 мың шаршы шақырым. Тұрғын халқы 47 миллион еді. 
Бұл  есепте  Россияның  шаруа  жолындағы  шығыны  да  аз  болып  отырған  жоқ.  Кеткен 
жерлер  егіннің  кені  деп  есептелінуші  еді.  Қазірде  Россия  28174000  десятина  егіндіктен, 
бұл  егіндікке  шығатын  2894  миллион  пұт  астық  картопиядан  айырылып  отыр.  Бұрын 
Россияда  адам  басына  шаққанда  жылға  астық  картопия  45  пұттан  келіп  отырушы  еді. 
Қазірде адам басына 39 пұт келетін болды. 
Мемлекеттің  мұқтажын  жеткізетін  фабрика,  зауыт  шаруалары  да  аз  шығынға  ұшырап 
тұрған жоқ. Жоғарыдағы айтылған жерлермен бірге орыс қолынан шығып кетіп отырған 
фабрика,  зауыт  саны  9200  дей.  Бұлардың  істеп  шығаратын  нәрселерінің  жылдық  бағасы 
925  миллион  сом.  Олардағы  жұмысшы  саны  912  мың  болушы  еді.  Тағы  Россияның 
билігінен кетіп отырған шойын жолдардың ұзындығы 17 мың шақырымдай. 
Россияға, әсіресе, ауыр тиетін шығын көмір, темір шығатын жерлерінің кеткендігі барлық 
Россия жерінен шығатын көмір, темірдің 75% (жүзден 75) сол кеткен жерлерден шығушы 
еді. Россия шығынын анық көрсету үшін төмендегі есепті көрсетеміз. 
Соғыстан бұрын Россия қолында болған: 
Барлық жер — 18 миллион 869 мың шаршы шақырым. 
Халық саны — 175 миллион. 
Егіндік — 104 миллион 825 мың десятина. 
Шытатын астық — 7 миллион 900 мың пұт. 
Шойын жол ұзындығы — 660 мың шақырым. 
Фабрика, зауыт — 32 мың 600. 
Істелетін нәрсе бағасы — 2 миллиард 50 миллион сом. 
Жұмысшы саны — 2 миллион 75 мың. 
Көмір — 2 миллиард пұт. 
Шойын — 5 миллиард пұт. 


133 
 
Шығын: 
Кеткен жер — 707 мың шаршы шақырым 4% (жүзден төрті). 
Кеткен халық саны — 46 миллион (26%). 
Егіндік — 28 миллион десятина (27%). 
Шығатын астық — 2 миллиард 900 миллион пұт (37%). 
Шойын жол ұзындығы — 17 мың 500 шақырым (26% ). 
Фабрика, зауыт — 9200. 
Істелетін нәрсе бағасы — 526 миллион сом (33%). 
Жұмысшы саны — 612 мың. 
Бумен жүретін машиналар — 585 мың (39%). 
Көмір — 1 миллиард 500 миллион пұт (74%). 
Бұл  шығынның  есебіне  әзір  кімде  болары  мәлімсіз  болып  тұрған  Харьковскі,  Минскі 
гүбірнелері һәм бұрыннан өз бетімен жүрген Финляндия кірген жоқ. 
Мұндай  өрескел  шығын,  оның  үстіне,  саябырламай  тұрған  өз  ішіндегі  тәртіпсіздік 
Россияны саясат, шаруа жолында халықтығынан айрылтып, мешел қылып, кешегі Қытай, 
түрік киген таз кейіпті кидірмейді деуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет