2 ҚҰЛАҚтандыру


Молла Ғабдалкерім Өтеубаласы



Pdf көрінісі
бет146/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Молла Ғабдалкерім Өтеубаласы 
Басқарма: бұрынғы жібергендеріңізге алған кісілер жауап берер. Мұнан былай Семейдегі 
нәм  басқа  жерлердегі  аш-жалаңаштарға  жылу  жинайтын  комитеттерге  жіберсеңіз, 
адаспай  көздеген  нашарларыңызға  тиеді.  Семейдегі  комитеттің  адресі  №35 
«Сарыарқада» бар. 
 
ТАЙЫМДЫ СҰРАЙМЫН 


124 
 
Түнеугі  январь  ішіндегі  сүргінде  Қазанғап  жылқысындағы  құла  шолақ  тайлы  бием 
жоғалып кетіп еді. Нашар адам, қарауға атым болмай қойып едім. Жаңада Тұз қалаға бара 
жатсам,  бір  қара  биеге  қосақтаулы  бір  құла  шолақ  бие  тұр.  Қарасам,  жануар  өз  бием. 
Қуанғаннан іш-міш жоқ биемді үйге алып келдім. «Қажы келмей дауға жарымайды» деген 
ып-рас  екен.  Артымнан  өзіміздің  Әбілқас  қажы  қуып  келіп,  «бие  менікі»  деп  жатып  дау 
салғаны.  Сол  жерде  қажы  төбелесем  десе  де  төбелеспей,  жанын  берем  десе  де  жанын 
алмай Құлмырзаның алдына алып барған соң бие менікі болып шықты. Биемнің қасында 
байталдай  кер  тайы  бар  еді.  Қажекеңнің  иманына  тапсырып,  сол  тайымды  сұраймын, 
әлеумет!  Қажы  Құдайдан  қорықса,  тайымды  берер  деген  үмітім  бар.  Бермесе,  Құдайға 
шүкір, ақ соттың мырзалары бар ғой, солардан қалсам арманым жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет