138
алысып тұрады. Бұл «Игілік» ұйымы ашылғаннан 1 апрельге шейін мүшесі болып,
ашылған ұйым дүкендері 233 болды. Бұның 39-ы нағыз қазақ дүкендері; 89-ы орыстікі;
105-ы қазақ пен орыс бірігіп ашқан дүкендер.
Семейдегі «Игілік» ұйымының әзірге тамырын жайып, халыққа пайдасын тигізіп, ашып
отырған дүкендері осы тегінде «Игілік» ұйымдары қандай болады, көздеген мақсаты не,
халыққа тиер пайдасы не? Бұлар
туралы кейін толық қылып жазып, ұғындырармыз.
Кіндік ұйымға мүше болып кірген ұсақ ұйым дүкендері ай сайын дәуірнайларын жіберіп,
тиесі сыбағаларын алып, ұйым дүкендеріне жарна салып, кіріскен қауымға үлестіріп беріп
тұрады. Бірақ бір жаман жері ұйым дүкендерінен дәуірнай болып нәрсе алып кетіп жүрген
адам сияқты әжептәуір жігіттер алған шай, қант, кездемелерін халыққа апарып бермей
былай шыға ойқы-тойқы қылып, көзін жоғалтып қоятыны мәлім болып отыр. Сірә, елдің
несібесін шайнап әдеттенген «пысық» жігіттер бірінші халық алдында газет жүзінде
масқара болып, екінші сот алдында бетіне қара таңба басылып, ел жей алмайтын түкпірге
бармай қоймайды.
Бұл естеріңде болсын, мұндай зұлымшылық болмас үшін әуелде сақ болып, жіберген
дәуірнайлары союздан бұл алып қайтқан сайын қолындағы есеп кінәшкелерімен
(расчетная) қанша нәрсе, қандай бағамен алынғанын тексеріп тұру керек һәм дәуірнайлар
есеп кінәшкелерін һәм чоттауын жұртқа көрсетіп, анықтама қылып тұруға міндетті.
Ұйым дүкендерін ашушы
болыстар атынан
Достарыңызбен бөлісу: