ТЕЛЕГРАММЕНКӨҢІЛ АЙТУШЫЛАР Троицкіден:
Ұлты үшін құрбан болған Қазы бауырымыздың өліміне шын көңілімізден қайғырамыз.
Марқұмның жанын о дүниеде жақсы жайда қылып, Алла тағала қалғандарына көркем
сабыр берсін.
Медіресе «Расулиедегі» қазақ шәкірттері атынан.
Ақтөбеден:
Туған елінің теңдік алып, қатарға кіруін көксеп, жолына жанын пида еткен Қазы
Нұрмұхаммедов жолдасымыздың қасиетті өліміне көңіліміз қамығып, жүрегіміз еріп
жылаймыз. Гимназия оқушылары атынан:
Гүләм Балқыбайқызы;
«Жас игілік» өкілі Чанашев;
2 класный шәкірттері Таниязов, Байсейітов.