2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет196/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
Тілшілерімізден 
25  июнь  жарлығы  тақырыпты  қырғынға  ұшыраған  қазақ-қырғыздардың  осы  уақыттағы 
аяныш  хәлдерімен  һәм  қазіргі  құбылмалы  заманның  жайымен  халықты  түсіндіруге  кісі 
шығарылса  тәуір  болар  еді.  Елге  шығушылардың  қолында  куәлік  қағазы,  квитанция 
дәптерлері  болса  екен.  Олай  болмаса  құр  «Мен  жәрдем  жиюға  жүрмін,  маған  ақша 
беріңдер»  дегенге  ешкім  ақша  бермейді.  Себебі,  өзгерістен  бері  елден  талай  ақшалар 
жиналып, жинаушылар өздері пайдаланып кеткен көрінеді. Былтырғы апрельде Павлодар 
үйезіне Сәрсенов комиссар болып келгенде Мұздыкөл болысының көзі ашық азаматтары 
жинап  бір  мың  500  сомдай  Биахметтің  алдында  сол  елдің  қазаты  Нұрмахан 
Алшымбаевтың қолына берген екен, тиісті орнына тапсырар деп. Осы ақшадан 500 сомын 
обласной қазақ комитетіне беріп, қалғанын саудаға салып, өзі пайдаланып жүр. Не тиісті 
орнына  жібермейді,  не  елдің  өзіне  қайырып  бермейді.  Айтатыны:  «Әйтеуір  бір  уақытта 


162 
 
жіберерміз,  бүкіл  Алаштың  кемтігін  біз  толтыра  аламыз  ба?»  дейді.  Міне,  ел  қамын 
ойлайтын азаматтың қимылы! 
Өткен август ішінде Павлодар үйезінде Орық болысының бір қазағы Мұздыкөл болысына 
«регистратор»  болып  келіп,  4-5  жүздей  ақша  жинап  әкеткен.  Алғанда  «Сарыарқа» 
басқармасына  тапсырамын  деген  екен,  әлі  «Сарыарқа»  жүзінде  мұндай  ақша  көрінбейді. 
Бұл  жігіттің  әкесінің,  өзінің  атын  ешкім  білмейді.  Не  сол  жігіт  ақшаны  жиып  кетті,  не 
жұрт атын білмей жаңылысып жүр... 
Құлқынның  құлы  болмай,  халық  пайдасын  көздеп,  түсіндіруші  кісі  болса  түсінбейтін  ел 
көрінбейді. Бірақ әлгіндей бейсауаттар елдің меселін қайыратын. 
9  мартта  шыққан  «Сарыарқаның»  33-ші  нөмеріндегі  «Аш-жалаңаш  қазақ-қырғыздарға 
жәрдем» деген мақаланы оқып, 4-5 ауылды аралап едім, әйел-еркек, үлкен-кіші — бәрінің 
тегіс көздеріне жас келіп, бір күннің ішінде 110 сом жинап жіберді. Қолымда квитанция 
дәптерім  болмағандықтан  тұрған  мектебімнің  мөрін  басып,  кісі  басы  бір  қағаз  беріп 
отырдым.  Бұдан  да  артық  жиналатын  еді,  шәкірттерден  шыға  алмадым.  Енді  қайтқанда 
елді  аралап,  босқын  қазақ-қырғыз  туралы  құрметті  ақсақал,  ардақты  жастарға  білгенше 
айтып өтемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет