Россия хабарлары БАКУ ЖАЙЫ Баку қаласындағы совет мұсылмандардың «Мусават» деген партиясына және басқа
ұйымдарына төмендегі шарттар тез орындалсын деп ультиматум қойған:
1. Баку советіне қарсы ашқан соғыстарыңды тез тоқтатасыңдар.
2. Бекін жасап, әр қазғандарыңды тоқтатасыңдар. Әр жердегі қарауылдарыңды аласыңдар.
Баку совет ін танып, бар әмірінен мойынсұнамын деп білдіресіңдер.
3. «Әң дюзипа» (мұсылман отряды) және мұсылмандардың басқа әскерлері Баку
қаласында да, қала алабында да болмасын. Қалада қалатын болса советке бағынсын.
4. Халыққа таралатын құралдар совет арқылы өтіп отырсын.
5. Тбилиси мен Баку, Баку мен Петровск араларында бұзылған темір жолды тез
түзейсіңдер.
6. Егер осы қойылған шарттарға көнетіндеріңді апрельдің 14-і күні сағат 3-ке шейін
білдірмесеңіздер «Мусават» партиясының бізге ашқан соғысы тоқталмады, созылды деп
білеміз деген.
160
Бакуде жұмыскерлер көтеріліп, тәртіпсіздік басталғандықтан нефть зауыттарының жүріп
тұруы екіталай деген хабар келген соң Совет Хүкіметі Бакуды жайғастыру үшін
Мәскеуден 3 кісілік комиссия жіберген.