33
кетпекке шойын жол вокзалына барып тығылыпты. Аз да болса қарулы милиция
барлықтың пайдасы осы. Белсеніп төбелеске шықпаса да, бар деген атағының өзі қанша
жанды аман алып қалды. Жұрт мұны білу керек.
* * * * *
Үржар төңірегінде Тарбағатай тауының етегінде жағалай отырған қалың хохол ауылдары
бар. Осылардың биыл қайтқан солдаттары ішкі Россияда болып жатқан қанды бүлік
ішінде жүріп, жұқтырып қайтқан ауруларын ауылдарындағы тыныш жатқандарына
жағып, бұзықтық жолына түсе бастады.
Осы декабрь басынан бері сол хохолдар жиылып, сыбайлас отырған бірнеше қазақ
ауылдарына барып, жанжал шығарып, барымта қылып жатыр. Талай қазақ ауылдарын
шауып, талап, сансыз қой, жылқыларын айдап әкетіп, соғымының етіне дейін алып, аш-
жалаңаш қалдырып жүр.
Біздің қазақ бұл күнге дейін хохолдардың зорлығына қарсы келмей, хәкімдерге айтып,
законмен іс қыламын десе де, тексеріп, хохолдан қазақтың малын қайтарып әперер ешбір
хәкім таба алмады. Халық ызаланулы. Бұдан былай хохолдар тентектігін қоймаса,
барымтасы қалмаса, қазақ та қарап отырып өле қоймас, бас қорғау, мал қорғау шарасына
амалсыз кірісер...
Хохолдар зорлығын қылып, енді өзара жиылып: «қазақ бізді шапқалы жатыр. Малымызды
ұрлап, тыныштық бермейді. Қорғанарлық қару-жарақ, мылтық берілсе екен» деп шағуға,
берілсе мылтық әкелуге үш кісі сайлап, Ташкентке жіберіпті. Сонымен қазақ пен хохол
арасында қанды жанжал шығатын түрі бар көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: