Нияз Жантеміров
Басқарма: Илметовтың мінезін жазып, сақтаныңдар дегенде ақтамаса да, жақтап
қорғаушылар шығып, басқармаға хат жазып, «осы сөзімді баспасаңыз өкпелеймін» деп
аты бар, ақылы толық жұрт ағасы деген кейбір мырзалар зіл қылған еді. Солар
Илметовтың мына қылығын Қотанында көріп отырып, тағы да «өкпелер» ме екен?
34
ЖАСАСЫН АЛАШ, ЖАСАСЫН!
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз.
Жасайды алаш, өлмейміз,
Жасасын алаш, жасасын!
Декабрьдің 12-сі күні түс ауа сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан
шақырылып, ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, алаш туы
көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қазақ-қырғыз жұрты өз
алдына ауыл болды; отансыз жұрт отанды болды. Автономия бізге өмірлік мақсат еді,
алыстағы жұлдыз еді. Іштегі дертті айта алмай, күрмеліп жүрген қызыл тіл бұл күнде
дүние жүзін жаңғыртып, алаш ұранын шақырып отыр. Алаш, көтер басты, уақыт жетті
сүртерлік көзден аққан қанды жасты.
Бұл бек тарихи күн. Бұл күнді көріп өлген алаш баласы мұратсыз, армансыз. Жұрттың
жұрт болуына, өмір жүзінде жеңіл дәурен сүруіне, ел қатарлы орын алып, жерге, мүлікке
ие болып, жұрт қазынасын молайтуға, мәдениет жолында ұмтылып, ілгері басу үшін
халықтың ұлттығын, дінін сақтап, әдебиетін гүлдендіріп, ғылымын арттырып, адам
тарихының бетінен орын алып, ат қалдыруына — баршасына автономия қазық болып
табылады.
Автономиясыз жұрт жер-суға жеке ие емес, көптің ауызына қарайды. Қазақ-қырғыз жұрты
жерінен айырылса, шаруасы күйзеледі, малынан айырылады. Малмен адамның өмірі
байлаулы. Малдан айырылған жұрт өмір жүзінен жоғалмақшы.
Біздің қазақ-қырғыздың жері мол. Енші аламын деп телміріп отырған жұрттан жерімізді
қорғауға автономия үлкен қару. Автономиялы жұрттың жер билігі өзінде болады. Билік
өзінде болған соң, әлбетте халқын шаруасына, тұрмысына қарай орналастырады. Жұрттың
еңбек сіңіріп, күн көріп отырған жерін басқаның қолына кетпестей қылып қорғайтын заң
шығарады. Қазақ-қырғыз жерінің саны көп болғанымен, сапасы жоқ. Осы күнгі
тұрмысына, шаруасына лайық жер тимесе, қазақ шаруасы сөзсіз бұзылады, жұрт байлығы
құриды.
Теңдікке сүйеніп, әділдікке сеніп, үмітті тым зор айтпалық. Жұрттардың бәрін бір
қалыпқа салу мүмкін емес, әр халықтың тұрмысы, шаруасы, мәдениеті басқа-басқа. Мұны
құлаққа ілмей, теңдік — әділдіктің атасы деп жұрттың бәрін бір қалыпқа салып теңгермек
болсақ, төсекке өлшеп, сирағы артылғандардың артығын балтамен кескенмен тең. Жер
билігі қолдан кеткен соң көпшілік заманы осындай әділ билікке ұшырамаймыз деп сенуге
болмайды.
Жердің зары күшті. Жер дегенде орыс жерінде отырған 10 миллион еуро мұжық ішкен
асын жерге қояды. Саған жерді текке алып берем деп С. Р. партиясы бар мұжықты
соңынан ертіп отыр. Кімнің жерін алып беретінін қудай біледі. Алпауыт (дворян)
қолындағы жер мұжық сусынан қандырмайды.
Біз бұл күнде автономия алмағанмен түбінде өз алдымызға жұрт болып жасаудан үмітіміз
болса, Алашордасы бір заманда теңеледі деп сенсек, сонда да бас қосып, дүкен құрып
отыруымызға жер керек. Жерлі жұрт табанды, іргелі, қонысы мықты болады. басқа
жұртқа қоңсы қонып, тізесі ашылып, бытырап, сіңіп кетпейді; оз алдына мемлекет болып
35
отыруына болады. Жерсіз жұрт қанша талпынса да, басы қосылып, бірігіп, оз алдына
билік алып, өмір жасай алмайды. Мұның сазайын талай жұрт тартып отыр. Жебірейлер
жер жүзіне бытырап, сіңіп кеткен жұрттардың бірі. Бұлардың ұлт саяси партиясы
сионисттер бүкіл жебірейді Палестина Құддысқа көшіріп, сонда ұлт мемлекетін
жасамақшы болып, ақылға қонбайтын, өмір жүзінде іске аспайтын пікірді мақсат қылып,
ұстап отыр. Ұлт намысы үшін қаны қызған ерлердің сасқанда тапқан ақылы осы.
Татар туысқандарымыз тұтас жері болмағандықтан апрельдің аяғында милли-мәдени
мұхтарият жария қылған еді. Бұл күнде миллим-мәдени мұхтарияттың өмір жүзінде толық
мұхтарият болып табылмайтындығына көздері жетіп, әр жердің топырағын қазып, шаңын
шығарып отыр ұлттық жерлі автономия аламыз деп. Міні, жердің зары!
Алты алаштың баласы қонысын біріктіріп, қанаттас отырып, өз алдына билік алып, бөлек
жұрт болып жасайтын мақсаты болса, бүл күннен тізесін ашпай, қанатын жазбай, жеріне
ие болып отырып қалуы керек.
Автономияны бұл күнде жария қылу жалғыз жерімізді қорғау үшін емес, адамның өмір
сүруіне су мен ауа қандай керек болса, жұрт болып жасайтын халыққа автономия сондай
керек. Әр халық жер-суына, тұрмысына, шаруасына қарай әдет-ғұрпына лайықты закон
шығарып, хәкімшілік атқару тиіс. Тұрмысын, әдет-ғұрпын тұрғын халықтың өзінен артық
кім біледі?! Сондықтан қазақ жұртына арналған закон, ережені шығаратын қазақ
халқының оз закон кеңесі (гос. думасы) болуға тиіс. Қазақ халқы автономия ала алмаса,
ұлы кеңеске (мемлекеттегі кіндік закон кеңесіне) депутаттарын жібермекші. Қазақ
жұртына керек закондарды онда сол улы кеңес шығармақшы. 180 миллион жұрты бар,
дүниедегі жердің алты бөлімінің біріндей жері бар, жүз түрлі тілмен сөйлейтін
халықтардан қосылған 300 жыл Роман тұқымының қоластында жарық сәуле көре алмай
тұншыққан мемлекеттің жаңа, әділ тұрмысқа қолайлы законге мұқтаждығы қандай! Біздің
қазақ жұртының тілегі көп тілектің ішінде адасып кетпей ме, басқаны жарылқап, бізге
кезек жеткенше қанша уақыт өтпек! Ұлы кеңеске барған депутаттар жалпы мемлекет ісін
тексереді, көпке бірдей закондарды шығарады, мемлекеттің бір пұшпағына, бір табына
хас закондарды шығару олардың хұқы емес. ұлы кеңеске баратын қазақ депутаттарының
саны аз, басқа жерден сайланып барған депутаттар қазақ халқының тұрмысымен таныс
болмағандықтан шығарылатын закон жобасына қатысы аз болады. Сондықтан ақыр
қазаққа меншікті закон үркердей қазақ депутаттарының алдынан өтетін болған соң ұлы
кеңеске салып, көп уақыт өткізу орынсыз. Екінші жағынан жергілікті закон кеңесінде
депутат саны да көбейеді, халықтың ережесімен, тұрмысымен жақсы таныс жүйрік
азаматтары, ақсақалдары да болады. Сондықтан жергілікті закон кеңесінде мәселе толық,
түзу, жылдас шешіледі. Закон қолайлы болып жасалынады, халыққа жемісті болып
табылады. Закон шығаратын кеңес хәкімшіліктің бір бөлімі. Закон қанша жақсы
болғанымен қағаз бетіне жазылған закон шариғат закон іске асып жазылған закон
арқасында дұрыс хүкім жүргізілсе, жақсы законның жемісін халық сонда ғана татады.
Атқарушы хәкім (орысша исполнительный власт) халықтың бақташысы. Мұның халыққа
жақын тұруының, баққан елмен жақсы таныс болуының, бар ойын, білімін, қызметін аз
елге ғана бергенде халыққа қанша артық жақсылық екенін жазып та керегі жоқ. Он күн
жүріп, зар жететін Петроградтан әмір күтіп отыру іске зор кемшілік. Және Петроград
жалғыз біздің қамымызды жемейді. Көп ішінде біз сияқты халық көзге көрінбейді де.
Хәкімшіліктің үшінші бөлімі сотқа келелік. Сот халықтың тезі. Жақсы сот болмай, халық
түзелмейді. Ел ішінде өтірік, ұрлық көбейіп, халықтың табиғатының бұзылып бар
жатқандығы әділ таразының жоқтығынан. Бұл күнге дейін біздің халық өз сотын құра
алған жоқ. Болыс ішіндегі билерді әділдік таразысының басында отыр деп айтуға тіл
келмейді. Орыс сотының халыққа қанша қолайлы болып табылғандығы халыққа мағлұм.
Орыс соты халықтың ішкі сырымен, әдет-ғұрпымен, тұрмысымен таныс болмағандықтан,
36
тілін білмегендіктен істің адал-арамын айыра алмайтын. Ақ-қараны айыра алмаған сот
әділ билік айта ала ма? Мұндай сотқа халықтың қалай қарайтыны белгілі: соттан халық
қорықпайды, жоғары тұтып сыйламайды, сот әрі-беріден соң өтірік шағым соты болып
табылады. Сот ұлт тілінде болмай, халықтың оз ішінен шықпай түзелмейді. Әділ, білікті,
айдынды ұлт соты көп мұқтаждың ішінде ең үлкені. Ел ішінде өтірік өрлеп, ұрлық
көбейіп, бассыздық жайылып бара жатқаны осы соттың жоқтығы.
Жұрт билігі осы үш бұтақтан құралады. Осы үш билікке те болған жұрт автономиялы
жұрт деп саналады. Біз автономия алғанда жерлік, ұлттық автономия аламыз. Сонда алты
алаштың басы қосылып, отырған жеріне ие болады; законын шығарып, сотын жасап,
хәкімшілігін жүргізіп, оз алдына жұрт бола алады. Автономия алсақ, көп мұқтажымыз
көңілдегідей шешіледі деп халыққа сеніп, күні бұрын айтып отырмыз. Жұрт билігі қолға
келген соң, өз қамымызды өзіміз жейтін болып, не көрсек өз талабымыздан көреміз.
Автономияның керектігіне ешкім шүбә қыла алмайды. Автономия жолына талай жұрт
малын, жанын салған, көп жылдай талас-тартыспен атысып, шабысып отырып, үлкен қан
төгіспен әзер алған автономияның қадірін білген. Рухына сіңген жұрттың істеген ісі осы.
Бізге автономия алуға, өмірде болмаған тарихи заманда бұл құрбандықтар керек те
болмас, жалғыз-ақ автономия міндетін атқара білу керек. Алмақтың салмағы бар, билік
қолға келген соң мойынға зор міндет артылады. Аянбай белсеніп, шешініп іске кірісуіміз
керек, халық түгел аяғынан тік тұру керек, автономия дүкенін құруға жабдық көп керек:
адам көмегі, пұл көмегі. Осының қайсысынан болсын бас тартпай, халық болып жұмылып
іс қылсақ, сонда ғана зор міндетті атқара аламыз. Ел азаматтарына, ақсақалдарға,
жақсыларға, байларға, жарлыларға, қазақ-қырғыз жұртына алаш автономиясы үлкен сын.
Алаш автономиясына құран оқылып, ат қойылғанда жалпы қазақ сиезінде ел ішінен
келген қария-ақсақалдардың еңіреп жылағаны болып еді: бұл күнді көрген енді біздің
арманымыз жоқ деп. Ел не айтады, ілгергі күн көрсетеді. Бірақ кейінгі үрім-бұтақтың
алғыс-қарғысы біздің мойнымызда. Біз басымыздан кешіріп отырған заман өмірінде
тумайтын заман. Бүкіл Россиядағы ұлттардың бәрі уран салып, ұлт туының астына
жиылып, өлердей ұмтылып, жерлік-ұлттық автономия алып жатқанда 6 миллион қазақ
халқы тұтас жері бар қарап отырып қалса, жұрттығын жоғалтып, өзін-өзі тірідей көмгені.
Иншалла, сенеміз, алаш туының астына жиылмайтын қазақ-қырғыз баласы болмас,
тігілген Алашордасын құлатпас деп. Жасасын алаш автономиясы!
Достарыңызбен бөлісу: |