Ешмұхаммед Шәкен
АҚЫЛ СҰРАЙДЫ
Мен көп жылдан бері сауда һәм басқа кәсіппен тапқан аз сомамды халық пайдасына
жұмсауды лайық көріп, өткен 1912 жылы Кент елінің ішіндегі Талды өзенінің бойынан 20
мың сом расход қылып, тоған байлап, бір ауылдас 90 үйге ақыл беріп, егін салдырып едім.
Жыл сайын 50 мың сомдық пайда көріп, бүл күнде басқалар да егін салуға айналған соң,
өткен 17-ші жылы бес мың сомға тиірмен сатып алып, Қызылкеніш деген жердегі
Найзатасқа сол тиірменді салдырып едім. Жақын жерден тиірмен даяр болған соң халық
алысқа барып әуре болмай, пайдаланып тұр. Шүкір, жер жақсы, тиірмен даяр, су бар.
Қызылкеніштегі тиірменнің қасынан жақсы школ-медіресе салуға ниет қылып, 10 мың
сом ақша шығарып, бірінші ауылдың адамдарына маслихат қылып едім, баршасы бір
ынтымақта болып, ризалығын білдірді. Шамалары келгенше жәрдем бермекке де уағда
қылды. Рұқсатсыз школ неге салдың деп жүрмес пе? Жылдамырақ газет арқылы
білдірсеңіз екен.
Достарыңызбен бөлісу: |