Ішкі хабарлар ЗАЙСАН Кендерлік елінің азаматтары «Игілік» деген ұйым ашқан еді. Ұйымның мақсаты: оқу
жағын қарау, жетім-жесірге көз-құлақ болу, қалай да болса, халықтың қамын ойлау еді.
Қазір ұйымның барлық сомасы 900 сомдай болды. Осы сомадан медіресе ашылып, 60 бала
оқып жатыр.
Земский управа сайлауында мансапқа өкпелегендер ескі әдетін бастап, осы күнде баламды
оқытпаймын, милиция бермеймін деп балаларын ала қашты. Мансап, оқу, милиция бір-
біріне қатыспайтын, үш бөлек нәрсе еді. Мансап өкпесін оқу мен милиция жұмысына
сататын жөні жоқ еді. Ұлт алдында ұят іске кіріскен бауырларымыз әлде болса ашуынан
қайтар дейміз.