Сәлиман Ізбасар ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ТАҚЫРЫПТЫ Павлодар үйезі, Алтыбай болысының үшінші ауылдың жасы жиырмаға толған 19 адам
құрылтай сайлауына кіре алмадық. Алаш атына дауысымызды бере алмадық. Себебі 17-ші
жылдың жазында болған болысной комитет сайлауында Жанболаттың Ысқағының
партиясына ермей, қара халық жағында қалып едік. Ұлы іске уақ істі күйдіріп, Ысқақтың
алаш аруағына бізді қоспай қалдырғаны қатты кейітіп тұр.
Бөзі * * * * * *
Бесқарағай елімен қоныстас отырған себептен Бостан, Малыбай елдері өзара партия
араздықтары үшін құрылтай сайлауына қатынаспай, босқа қалды. 10 мыңнан аса дауысты
жоғалтты. Бүл елдердің басшылары, әсіресе, Темірғали қажы мен Хасеннің қасарысып,
ұлы іске бөгет болып, кесірлерін бүкіл алаш баласына тигізгендері кешпестей қылық,
үлкен ұят болды.