42
3. Жаратылыстың заңынан, дүниенің ағысынан хабардар қылу, бастары түзу ойлауға жол
ашып беру.
4. Осыларды өздері түсінген соң, басқаларға үйрете білу. Сездіре білу әдісін
(педагогикамен) таныстыру.
Әсіресе, оқу жөнінде адамшылықты біліп, аз болсын, көп болсын адамшылыққа қызмет
қыларлық кісі болушылық, ұлтты біліп, ұлтқа қызмет қыларлық болушылық жоғарғы
көрсетілген сұраулармен таныс болғанда ғана қолға түседі. Құр жүрек тазалығы да, соқыр
болған соң ешқайда апара алмайды. Міні, жоғарғы керек мағлұматтармен оқушы қандай
зерек, оқытушы қандай шебер болса да, ең кемі екі жылсыз танысады деп кім айта алар?
Бұлармен таныспай тұрып, соқыр күйінше «Қазақ» емлесін білгендікпен ғана мұғалім
бола алар деп кім айта алар? Бастаушы (мұғалім) барар жерінің жөні қайсы һәм қайда
екенін білмесе, еруші (шәкірт) не оңар? Бұл жүрген жолдарынан не табар — адасу,
сандалу адастыру, сандалту.
Керекті мағлұматтарды алмай, дүниеге ескі қарастары өзгермей тұрғанда мұғалімдікке
куәлік қағаз беру орынға белет берумен тең деп ұғынамын. Белетсіз ұрының зияны аз
тимек, әр жерде қолға түсіп, құрымақ. Халқына мұғалімдердің тез керектігін, ұлтымның
тезірек пайдаланғанын, әр қазақ жақсы көрген секілді мен де жақсы-ақ көремін. Бірақ бір
айлық жолды бір күнде жүруге болмайды: атың зорығып өледі, бұл бір. Екінші, жаяу
қалып, ай жүретін жерге жыл жүресің. Мен мұғалімдік курстарының ең азы амалсыздан
екі жыл болсын деймін. Уақыттың мұнан кеміне жоғарғы себептермен қарсымын, көбіне
қанша болса да разымын. Және сол екі жылдың ішінде жоғарғы керек мағлұматтарға
жауап беретін «керектерден» «ең керек» сабақтар үйретілсе екен.
(аяғы бар)
Достарыңызбен бөлісу: