58
Қазақтың елдігін бұзбай, қаптаған қалың өрттен аман алып қалуға, тіпті бар қазақ өзара
жауласқан орыс партияларының біріне құйрық қып жолдасатын орны жоқ. Қазаққа
шындығын беріп, сырын білдіріп соңынан ертер, қатарға ертіп, тең тұтар сенімді орыс
партиясы, орыс табы тағы жоқ. Орыстың қай партиясын, қай табын алсаң да орыс пен
басқа жұртты тең ұстағысы келмейді. Қай жерде қашан болса да орыс жұртын жоғары
тұтып, өзге жұрттарға соның қожалығын жүргізгісі келеді де тұрады. Лапырған қызыл тіл,
әдемі сөздері — бәрі іс жүзінде ұмытылады. Орыс тілегі оң болып, оған өзге жұрттардың
тілегі құрбандыққа шалынады. Орыстың байын жоқтаған партияларын алсаң, есі-дерті
орыс байлығы, орыс үстемдігі, орыс қожалығы. Одан басқаны білмейді, танымайды.
Кедейін жақтаған орыс партияларын алсаң, олардың да есіл-дерті, нысана қылатыны орыс
кедейінің қожалығы. Әйтеуір, орыстың қай партиясын алсаң да көздейтін мақсаты бізге,
біз сықылды табы бөлек жұрттарға толық ерік беріп, тең түту емес, өзі ғана қожалық
құрып, билеп тұрмақ, мойынсұндырып, айтқанына көндірмек. Орыс кедейінің керегін біз
сықылды халықтардан тауып бермек.
Осы уақытта Россияны орыс кедейлері билеп отыр. Олар бұрын бай билесе, енді кедей
билейтін болды деп лақап шашып, байды
басып таптамақшы, таламақшы болып отыр. Қай
жұрт қалайша биленбек болса ерік өзінде, құлдық ноқтасын ағытып босаттық, автономия
аламын, жеке мемлекет боламын десе де ықтияр деп жарлық шығарып отыр. Осы
уағдасын шашқан жарлығын орыстың кедейлері іс жүзінде орындап отыр ма? Жоқ.
Орыстың байы билегендегі «уағда» мен кедейі билегендегі «уағданың» айырмасы болмай,
күр лақап, жел сөзге айналып отыр. Қайсысы болса да дәме қылдырып, тамақ істіріп
алдағаннан басқаны білмейді.
Өзгеріс басталғаннан бері орыстың қай партиясынан болса да, жасалған хүкімет тілін
емізіп, «уағда» қылып келеді: әр халық өзін-өзі билейді деп. Сол «уағдаларын» ескеріп,
ұрандаған не байы, не кедейі бар ма? Жоқ. Он облыс — бір гүбірнені қоныс қылған
Қазақстанды, жүздің бірі — орыс Түркістанды, Еділ бойы мен Орал тауындағы
Башқұртстан мен татарларды, Қырымды, Кавказды, оңтүстік күнбатыс Россияны
мекендеген Украинаны еркіне жіберіп отырған ұлы орыс кедейінің сыры белгілі болды.
Тіл емізген, алдағаннан басқа түгі болмады. Өзіңді өзің биле дейді де, бар хәкімшілік
«жұмыскерлер мен солдаттар кеңесіне» деп ұран салып, ұлы
орыстың кедейлері тағы қожа
болғысы келеді. Өзге жұрттардың есалаң, өлексе кедейлері ұлы орыстың сұмдығын
сезбей, желігіп ере бастаған болып жүр. Біздің қазақтан да кейбіреулер шығып,
қазақтықтарын ұлы орыстың кедейлеріне кестіріп, піштіріп, жарылқамақ болып жүр. Бар
қазақты
сырттан сатып, бүлікті бастап, сойқанды салып жүр...
Қай қазақ Семейдегі, Омбыдағы тағы басқа жерлердегі бір топ орыстың жүмысшылары
солдаттарын өкіл сайлады. Менің үстімнен хәкімшілік жүргізіп, биле дейді. Тиірмен
тартқан, тері илеген, көше сыпырған жүмысшылар мен бүгін келіп, ертең кететін 1-2 жүз
келімсек солдат Семей облысындағы 850 мыңдай қазақ пен 250
мыңдай мұжықты билемек
болады. Сондағы сүйенгені — мылтығы мен істігі. Жер-су, мал-мүлік — бәрін солар
билеп, үлесіп алмақ, бөліп бермек. Бұл астамдық емес пе?!
Оларға мұны істетіп отырған кім? Мемлекеттің билігін қолына алып отырған баяғы ұлы
орыстың кедейлері. Теңдік дегені рас болса, халықтың ойын сұрап-білмес пе еді; өзіңді-
өзің билейсің бе, бізге қосыласың ба дер еді. Жүмысшылар мен солдаттардың хәкімшілігі,
яки ұлы орыстың кедейлерінің қожалығын танимыз да, әйтпесе, қырамын, жоямын,
қаныңды ағызып, малыңды талаймын дейді. Міне, қазақ, ноғай жұрттары, ұлы орыстың
кедейінің зорлығы! Орыстың қай партиясы билесе де, ұлы орыстың үстем болуын
көздейді. Қазақ, ноғай сықылды тапталып, құлдықта өскен азаматтары ұлы орыстың
бұғауынан құтылып, теңдікті іздемесе осы күнгі қалыпта орыстың қай партиясы болса да
безу керек. Ұлы орыстың тілін емізіп, мастандырғанынан сақтанып, көз жұмып етегінен