ЗЕМСОЮЗДЫӨЗГЕРТУ Халық комиссарлар советі жарлық шығарған: жалпы Россияның жергілікті мекемелерінің
одағы (Земский Союз) өзгеріліп, оның барша табыстықтары (зауыт, фабриктері) мемлекет
мүлкі болды деп. Бас комитет таратылып, орнына жұмыскерлер мен солдаттар советінің
өкілдерінен жаңа комитет жасалсын деген.
ГРУЗИЯ АВТОНОМИЯСЫ Жақын арада грузиндер бөлініп, тізгінін қолына алып, халық билейтін мемлекет
болғандығын жарияламақ болған соң Петроградтағы грузиндер Петроградта елшілік
мекемесін ашпақ болыпты.