64
көндіреміз деп жүмысшылар мен солдаттардан халық комиссарларының хүкіметі әскер
жасаған, атын «Қызыл жаран» қойған. Қарсы келіп, хүкімет деп танымаймыз дегендерге
«Қызыл жарандарды» жіберіп, мемлекет ішінде соғыс ашқан. Сондай қызыл жарандар
жіберіліп, төбелес болған қалалардың бірі — Орынбор болатын. Сол Орынбордың
жайынан алған хабарымыз мынау:
«Бір айдан берлі айландырып келе жатқан көпшілдер Орынборды 18 январьда алды.
Қаланы көпшілдер алудан екі күн бұрын ноғайдың әрби комитеті қол астына алды. 18 бен
50 жас арасындағы мұсылмандарды сақтап тұрғандықтан қала ішінде соғыс,
тәртіпсіздіктер көп болмады. Сонда да көпшілдер шабуылдарын қоятын көрінбейді.
Сол 18-і күні «Қазақ» басқармасына қасында бірсыпыра қару солдаты бар Жангелдин
деген қазақ келіп, өзін Торғай облысының Петроградтан сайланып келген комиссарымын
дейді. Бұдан былай газетті өзі шығаратынын білдіріп, баспахана мен басқарманың
кілттерін алып кетті. Сонан шығып Байтұрсыновтың үйіне барып, Әлихан мен Ахметті
сұрапты. Олардың ел ішіне бұрын шығып кеткенін біліпті.
20 январьда баспахананың кілттерін қайтып беріпті. «Газетті тоқтатпай шығара
бергіземін, тек газеттің бұрыннан тұтып келе жатқан жолының бетін көпшілдер ыңғайына
салуға шарт қоямын» депті.
Достарыңызбен бөлісу: