2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет71/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
ҚАПАЛДАН 
Қапал үйезіне қараған қазақтарда мына болып жатқан еркіншілікпен пайдаланайық деген 
ой-сана  жоқ  дерлік.  Қит  етсе  партия,  талас-тартыс,  іздегендері  мансап.  Халықтың  қамы, 
жұрттың  намысы  деген  жолға  басу  жоқ.  Осы  күнде  земствоға  сайлау  болып  жатыр. 
Оқығанды,  халыққа  пайда  ете  алатын,  қолынан  іс  келетіндерді  сайлау  орнына  алған 
кәдедей-ақ  гласныйларды  ата-атаға  бөліп  алып,  өңшең  аруақ  қонған  ауылдың  балалары, 
ылғи жуан қарындар сайланып жатыр. 
Мұнда  биыл  астық  кем  шықты.  Пішен,  шөп  жоқ.  Ел  аш.  Мал  өліп  жатыр.  Ауру-сырқау 
қатты. Кісі өлімі көп. Сүзек болмаған үй іші сирек. Ауырған кісілерден оңалушы аз. Бір 
үйезге  қараған  жиырма  сегіз  болыстың  ішінде  дәрі-дәрмек  беріп,  жәрдем  тигізетін  ең 
болмағанда бір фельдшер жоқ. 
Аурудың  мұнша  ел  арасында  көбеюі  —  ашаршылықтың  салдары.  Заманның  ыңғайын 
танып,  күз  басынан-ақ  әр  түрлі  жиылыста  бірен-саран  көзі  ашық  оқығандар  ел  ішіндегі 
болыс, би, дәулерге айтып еді. «Биыл Қапал үйезінде астық жөн шықты, ерте бастан қам 
қылайық, үй басына салық салып, ақша жинап һәм ауқатты байлардан қарызға алып, басқа 
астығы  бар  жерлерден  астық  сатып  алайық»  деп.  Мұны  тыңдаған  ешкім  болмады. 
Дәулердің, жақсылардың ынтасы сиез, расписка, копияда болды. Міне, қазір аштық келді. 
Сол  атқа  мінгендердің  өздеріне  де  қолайлы  болып  тұрған  жоқ.  Ашыққандар  ұн-наннан 
байлардың  ауылына  жиылып  келіп,  тартқандай  қылып  тамағын  ішеді.  Қайбір  жерлерде 
кедейлер  өліп  бара  жатқан  соң,  аштан  өлгенше  жеп  өлейік  деп  байлардың  үйірлі 
жылқысын үйіріменен алып, сойып жеп жатыр.  
Бұ  жақтағы  ел  милиция  жасау,  Алаш  автономиясын  иғлан  қылу  сықылды  бүкіл  қазаққа 
керекті  зор  мәселелерді  тексермек  түгіл,  қайтып  аштан  өлуден  құтыламыз  деп  сонымен 
әуре! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет