2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет73/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Хасен Жайсаңбай 


66 
 
 
ӨСКЕМЕННЕН 
1)  22  январьда  казачи  отдел  атаманы  генерал  Видениді  көпшілдер  партиясының 
солдаттары  отельде  отырған  жерінде  ұстап,  қасқырша  Барнауылға  қарай  ала  қашқан. 
Казак-орыстың  кәрі-жасы  буаз  биелеріне  міне  шауып,  атаманын  айырып,  аман-сау  алып 
қайтқан.  Онымен  тұрмай  солдаттардың  сақтауындағы  бар  мылтық-құралды  алып, 
көпшілдерді құр қол қалдырған. 
Бұл  қылыққа  соғыс  көріп,  қашып  келген  казак-орыс  жастары  артық  разы  емес.  Кәрілері 
мылтықты  үлесіп  алып  жатыр.  Түбі  қайырлы  болсын  дейміз.  «Сөздің  басы  мақтан  емес, 
аяғы мақтан» деген. 
2) Өзіміздің қазақ халқының екі көзі, екі құлағы Семейде. Автономия не болды, қалайша 
орнығар  екен,  жер  шегі  қалайша  болар  екен  деп  ұзын  ой,  терең  пікірде  жатырмыз.  Тек 
Құдай неге бастаса да ынтымақ, бірлік табылып, Алаш ұранды қазақтың жолы болғай деп 
басшыларымызға  тілектес  боламыз.  Бірақ  асықпай,  алды-артты  байқау  тиіс  деп  те 
сөйлейміз. Алдыңғы автономия алдық деп жария салған Кавказ, Украиналар орнықты ма, 
мұны байқау саяси басшыларымызға борыш. Бізден де артық ойлар дейміз. 
3)  Алаш  ұранды  5-ші  нөмір  құрылтай  сайлауының  бәйгесінде  алды  болды.  Рухымыз 
көтеріліп түр. Біздің Өскемен қараған қазақтың сайлау списогіне кіргені 51566 сайлаушы 
екен.  Сайлау  жеріне  келіп,  дауыс  бергендері  46397  болыпты.  Құдайға  шүкір,  артық 
бөлінген,  жырылған,  бытыраған  көрінбейді.  Жазылмай  қалған  болса,  әр  жұртта  болған 
шығар, бізден басқа нөмерлерге аз-аз кетіпті, елеулі емес, көпшілік өзімізде. 
Крестьян  списогі  бойынша  13942  сайлаушы  дауыс  беріпті.  Бұлар  быт-шыт  болып 
бөлініпті. 
5-ші нөмерге берілгені — 44931 дауыс; 11-шіге — 764. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет