2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет81/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Газеттерден 
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ ТУРАЛЫ 
Орынборды  большевиктер  алғаннан  кейін  «Қазақ»  газеті  бұрынғы  дағдылы  бағытымен 
жүре  алмайтын  болып,  шығарушылары  Орынбордан  кетіп,  уақытша  тоқталғанын  естіп 
тұр едік. Мәтбұғатымыз жаңа гүлденуге бет қойып, қараңғы, ауыр заманда дүниеге келген 
түңғыш газетіміз «Қазақтың» бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дегендей жазуға, пікірге 
бостандық  деген  заманда  көлденең  қара  күштің  себебімен  тоқталғанына  қабырғамыз 
қайысып тұр еді. 
«Қазақтың»  жабылуы  туралы  Ташкентте  шығатын  «Бірлік  туы»  газетінің  22  нөмерінде 
мынаны оқыдық: 
«Бүгін  күн  Орынбордан  «Қазақ»  газеті  жабылды  деген  телеграм  алдық.  Мұнан  бұрын 
«Қазақ» басқармасындағы бір адамнан келген бір хатта мынадай сөз бар еді: Орынборға 
большевиктермен бірге Әлібек Жангелдин де келді. Ол Торғай облысына комиссар болып 
алып,  «Қазақ»  газетінің  шығайын  деп  тұрған  260  нөмерін  тоқтатып  қойды.  Жангелдин 
большевиктерді  мақтап,  оларға  қарсы  сөз  жазғаны  үшін  «Қазақ»  газетіне  азуын  басып 
отыр. Ол «Қазақты» жауып қойып, оның орнына большевик бағытымен жаңа газет ашпақ. 
Жангелдин  «Қазақтың»  баспаханасына  келіп,  «Азаматтың»  есеп-қисабын  сұрады.  Ол 
уақытта  Байтұрсыновтар  Орынборда  жоқ  еді.  Сол  себепті  оған  есеп  беретін  ешкім 
болмады» деген. 
Енді мынау бүгінгі келген жұмбақ телеграмның шешуі осы. 


74 
 
Әлібек  Жангелдин  деген  Торғай  облысының  қазағы.  Бірақ  оның  қазақтықтан  шығып 
кеткеніне  коп  болған.  Ол  қазақ  түгіл  ислам  дінінен  де  безіп,  христиандыққа  шоқынып, 
қайда болса сонда қаңғырып жүретін. Оның шоқынғаннан соңғы фамилиясы — Степнов. 
Ол  өзгерістен  соң  ислам  дініне  қайта  кірдім  деп,  ел  арасына  шығып,  жұртқа  большевик 
пікірін  таратпақ  болып  жүретін.  Енді  мына  Орынборда  большевиктер  жеңген  соң 
Торғайға комиссар болып, «Қазақ» газетін жауып отырғаны... 
Жангелдин — Степновтың кім екенін осы жазғанымыздан жұрт өзі біле жатар. 
«Қазақ» газеті жабылды деген хабарды естігенде әрбір Алаш баласының жүрегі суытып, 
қабырғасы  қайысар.  Біз  бұған  сенеміз.  «Қазақ»  газеті  Алаштың  қараңғы  заманында  жол 
көрсетіп тұрған шамшырағы, сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі. Ол қарасы өшкен залым 
хүкімет заманында да Алаштың көз жасымен талай пәледен қалған еді. Оның бер жағында 
мынадай игілік заман туған соң халық «әу» десіп демін алып, енді «Қазаққа» деген пәле-
жалалар біржолата өшсе ғой деп тұрғанда мынау хабардың сып ете түсуі «мен Алашпын» 
дегеннің жанына қатты батар. 
Бірақ  «Қазақ»  газетінің  бұл  жабылуын  біржолата  жоғалдыға  санауға  болмайды.  Оның 
бүгін  болмаса,  ертең  қайта  ашылып,  ілгергіден  артық  қайратпен  халқына  қызмет  етуі 
шексіз.  «Қазақтың»  бұл  жабылуы  Россияның  осы  күнгі  уақытша  кесапатты  ауруының 
кесапаты. Петроград, Мәскеудегі орыстың ең жақсы газеттерін де шалып жатыр. 
Бұл ауру, Құдай қаласа, көпке бармас. Тасыған судың қайтар алдында бір лықсып толғаны 
сықылды  осы  күні  бұл  ауру  да  ең  жоғарғы  шегіне  жетті.  Енді  оның  жақын  арада  қайта 
бастауына да шек жоқ. 
«Қазақтың» жабылуындағы хақындағы біздің түпкілікті пікіріміз осы. Бірақ оның қазірге 
уақытша  болса  да  тоқталуы  һәм  оны  жапқан  адамның  жоғарғы  айтқан  Степнов  болуы 
жүрекке  жаман-ақ  батады.  Алаштың  әлпештеп  отырған  бір  қасиетті  газетін  бүгін  келіп 
Жангелдин сықылды Степновтың кір қолымен жауып тастауы аз ғана аза емес... 
Неше жылдай арымай, талмай Алашқа қызмет еткен, тар орын, тайғақ кешулерде Алашқа 
ақылын  айтып,  көз,  құлақ  болған,  алты  Алашты  тегіс  аралаған,  қылышынан  қан  тамған 
Николай  кезінде  де  Алаш  ары  үшін  шыбын  жанын  аямаған  «Қазақты»  жауып,  әзірге 
ойыңа  келгеніңді  істей  түр.  Алаш  азаматтары  аман  тұрса,  түбінде  бір  жауап  бересің! 
Онымен «Қазақ» газеті тоқтап та қалмас, Орынборда шықпаса, басқа жерден шығар дейді. 
Бұрынғы  естіп  тұрған  хабарымызға  һәм  «Бірлік  туының»  жазуына  қарағанда  «Қазақ» 
уақытша жабылды деп тур едік, басқармамызға жаңа да «Қазақтың» 261 нөмері келді. Бұл 
нөмер 14 февральда шыққан. Шығарушы — Fабдалхамит Жүндібаев деген жігіт. 
Ғабдалхамит Жүндібаев «Қазақтың» бас мақаласында жазады: 
«...осындай  заманның  аударылып  тұрған  шағында  жұрт  газет  хабарына  аса  мұқтаж 
екендігін  ойға  алып,  жан-жаққа  хабар  беріп,  жөн  сілтеп,  нұсқа  көрсетіп  тұрған  «Қазақ» 
газетінің басында тұрған азаматтардың Орынборда жоқ екенін көріп, жауын тілеген егін 
қалпындағы жұрттың үмітіне қарсы бару ниетімен Орынборға февраль басында келіп, бас 
қосқан  Ақтөбе  үйезінің  азаматтарының  өтініші  бойынша  «Қазақ»  газетін  шығаруды  мен 
мойныма алдым. 
Заманның  аударылып  тұрған  шағында  дағдылы  жолмен  жүру,  бір  бағытта  маңдай  қою 
қиядағы қиын іс. Сондықтан газет оқушылар заманның құбылуымен есептесу керек. 


75 
 
«Қазақтың» соңғы жүретін жолы халыққа болып жатқан өзгерістен хабар беру, заманына 
қарай амал қылуға жол көрсету, сасқанда алдынан шығып жәрдем берудің маңайында ғана 
болашақ» дейді. 
«Қазақты»  енді  шығарып  отырған  Fабдалхамит  Жүндібаев  жас  учительдердің  бірі  болса 
керек.  Ой-пікірі  «Қазақтың»  бұрынғы  жолында  жүрген  жастың  бірі  болса  керек.  Ахмет, 
Міржақып  Орынбордан  кетерде  басқа  жолдастарын  онда  қалдырып,  қолдарыңнан  келсе 
«Қазақтың»  дағдылы  жолын,  бағытын  өзгертуге  көнбеңдер  деп  кеткен  екен.  Жоғарғы 
сөзден  көріп  отырмыз,  елден  ақсақал-азаматтар  келіп,  ондағы  көксоққан  өтірік 
большевиктермен сөйлесіп, «Қазақты» тоқтатпай, уақытша шығара тұруды Ғабдалхамитке 
тапсырған көрінеді. 
 
«Қазақ»  бес  жылдық  ғұмырында  қандай  қиындық  көрсе  де  халқын  адастыруға  жоқ; 
көздеген  мақсұтты  жолынан  тайған  жоқ.  Енді  6-жылында  аз  күн  тізгіні  басқа 
шығарушының қолына беріліп отыр. 
«Қазақтың» осы соңғы келген 261 нөмерінде «Қазақтың» ескі қызметкерлерінен Жанұзақ 
Жәнібекұлы жазады: 
«Қазақ» газеті 2 февральда бес жасқа толып, алтыға қарай аяқ басты. 
Осы бес жылдық өмірінің ішінде «Қазақ» Алаштың намысына тыртысып, жоғын жоқтап, 
ескі  хүкімет  заманында  басынан  талай  қиын-қыстау  істерді  өткізді.  Оның  түрмесінен 
қорықпады, штрафынан тауы шағылмады. 
Россияда бостандық болғаннан бері өрісі кеңіп, көңіліне алғанын айтты, істеді. 
Осы күні  өзін туғаннан бері  бағып-қаққан иелері  шетке кеткенге көңілі жабырқап, иығы 
түсіп тұрған жайы бар. 
Жылдағы дағдысы бойынша «Қазақтың» алтыға аяқ басқанына қуанып, хат яки телеграм 
арқылы құтты болсын айтып, көңіл білдірген азаматтарға тәңірі жарылқасын айтамыз». 
«Қазақтың»  басына  жетімдік  түсіп,  жабырқап  тұрған  жайы  болса  да,  6  жасқа  аяқ 
басқанына  қуанамыз,  құтты  болсын  айтамыз.  Нәсіп  болса  кешікпей  иелерің  қолдарына 
алар, маңдайыңнан сипап, бұрынғыдан артық тәрбиелер. Алты жасар жас қазақ  ержетіп, 
азамат болып, әлі-ақ алты Алашты аралар, Алаш аман болса, азамат жетім болмасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет