70
етілгенде Сырдария бірге кеткен. Қоқан сиезінде аз да болса өкілдері болып, зиялы
азаматтары хүкімет басына сайланып қалған. Сондықтан Сырдария қазақ-қырғызы
Алашқа қосыла ма, жоқ, Түркістанда қала ма, мұны жұрт білсін делінді. 5-ші январьда
Түркістан шаһарында Сырдария облысының сиезі шақырылу себебі осы еді.
Сырдария сиезі Түркістан шаһарында 6-шы январьда ашылып, 9-ында жабылды. Сиезге
болыс басы бір өкілден шақырылған еді, 72 өкіл келді. Сырдария облысы Алашқа қосылу-
қосылмау мәселесі қаралудың алдында Қоқан һәм жалпы қазақ-қырғыз сиездері туралы
доклад оқылды. Қоқан сиезі туралы оқылған докладтан һәм біздің сауалымызға берілген
жауаптардан анықталды — Түркістан автономиясын иғлан еткен сиезде жалпы қазақ-
қырғыз туралы сөз болмапты һәм Сырдария облысы Түркістанға не себепті
қосылатындығы тексерілмепті.
Сырдария Алашқа қосылу-қосылмау мәселесі үш күн тартысқа түсті. Армансыз
тексерілді. Алаш баласы бірікпесін деген жан болмады. Ұранына қызбаған, ұлтына
тартпаған кісі кем болды. Бірсыпыра зиялылар Түркістанға тартты. Түркістан — бай,
Алаш болып Түркістанға қарайық, ең болмағанда Сырдария Түркістанда қаламыз десті.
Бірақ сөйлесе, дәлелдесе келгенде екі жақ түсінісіп, Алашқа Алаштан артық ешкімнің
жоқтығына көз жетіп, Түркістанға қарайық деген сөз қалды. Алаш туының астында
табысалық деген бір қаулыға келді.
Сырдария Түркістан автономиясынан күні бүгін шығып кету қиын екендігі сөз болды.
Мұны айтушылардың дәлелі: енді Алаш болдық, айырылмаймыз. Бірақ күні бүгін
Алашымды таптым деп шығып кетсек, мынадай ауыр заманда Түркістан автономиясының
қабырғасын сөгіп кеткендей болармыз. Көрші, қандас һәм діндес ел едік, досқа күлкі,
дұшпанға таба қылмалық. Хүкімет істерін де қазақ азаматтары басқарысып тұр еді, аз күн
шыдалық, Алаш автономиясы иғлан етілсін һәм Алаш Түркістанмен одақ болсын. Сонан
кейін Сырдария Алашымызға қосыла кетелік десті.
Ерсілі-қарсылы кеңесіп, ақырында сиез мынадай қаулы шығарды:
1) Сырдария облысы қазіргі уақытта тегіс Түркістан автономиясында болған себепті
әзірше Түркістан автономиясында қалады;
2) Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясымен союз
(одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш
автономиясына кіруге қарар қылды;
3) Сиездің осы қаулысы Сырдария облысынан Түркістан учредительное собраниесіне
сайланып баратын депутаттарына
наказ болсын;
4) Сырдария облысының халқы Алаш автономиясына қосылған уақытта осы облыстан
Түркістан учредительное собраниесіне сайланған депутаттары Алаш автономиясының
сайлау законына муафық болса, Алаш учредительное собраниесіне депутат болсын;
5) Алашорда Түркістан шаһарында болсын.
Сиезде Алашқа қосылмаймыз деген ешкім болған жоқ: кәрі-жасы, қарасы-төресі, байы-
кедейі бірауыз болды.
Қанша заманнан бері қорлық-зорлықтың астында бастан ерік, малдан құрық кетіп,
торғайдай тозуға айналғанда Құдай мұндай қуанышты күндерге жеткізіп, Алаш баласы
біріккеніне қуанысып, өкілдер бірін-бірі құттықтасты; Аруақ-Құдайды ауызға алысты;
қарттар жылап, жастар қайраттанды; өлген тіріліп, өшкен өнгендей болды: Алаштаған
ұран әуені жаңғырықтырды.