2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет76/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Ілияс Жүсіпұлы 
 
МҰҚТАЖ ШӘКІРТ 
Ақмола  облысы  Ғабдалрашид  Әлімбай  баласы  биыл  «Ғалияға»  түсіп  еді.  Мейрамында 
үйіне барып, Ақмола облысы Қазақ Комитетінің шәкірттерге арнаған стипендияларының 
біреуінің  жартысын  (225  сомды)  алып,  үйінің  һәм  ағайындарының  жәрдемімен  қосып, 
қысқа  жеткендей  азық-түлік,  киім-кешек  алып  келе  жатыр  екен,  Уфа  вокзалына 
жақындағанда  нәрселерін,  ақшасын  салған  дорбасын  жоғалтып,  сып-сидай  болып  мұнда 
келді. Шәкірттер арамыздан азғантай жылу жинап бердік. Өздері қымбатшылықтың зәрін 
татып жатқан шәкірттерден көп қаржы жиналмайтыны белгілі ғой, бергеніміз жарытымды 
емес. Енді елдегі азаматтардан, игілік мақсатымен ашылған қауымдардан, әсіресе, Ақмола 
Комитетінен  тезірек  жәрдем  қылуларын  өтінеміз.  Жолдасымыздың  ақшадан  тарығып, 
қыстың жартысында қайтып кетуіне өте қиналамыз. 
«Ғалия» шәкірттері атынан Салахалдин 
Басқарма:  жәрдем  берушілер  мұқтаж  шәкірттердің  өзіне  тура  жібергені  жөн  болар 
еді.  Мұқтаж  шәкірттерге  деген  жәрдем  болса,  жинап,  үлестіру,  қашан  болса  да 
басқарманың  міндетінде.  Бірақ  мынадай  пошта  жүруі  дағдылы  күйінен  жаңылып, 
былықпайшылыққа айналып тұрғанда әуелі басқармаға, одан соң мұқтажға жіберуге көп 
уақыт  кетіп,  жәрдем  мезгілінде  тиетін  көрінбейді.  Сондықтан  жаз  шыққанша 
«Ғалиядағы»  мұқтаж  шәкірттерге  төтесінен  жібергенді  жөн  көреміз.  Шәкірттердің 
ұйымы  бар  шығар,  келген  жәрдемдерді  алып,  бөліп  беріп  тұрар.  Өздері  жария  қылып 
білдіргенше  мына  әдріспен  жәрдемдеріңізді  тоқтатпай  жібере  бергендеріңді  мақұл 
көреміз. 
Уфа, медресэ «Галия» Габди-рашиду Алимбаеву. 


68 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет