2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет89/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
ПАВЛОДАР 
Февраль  ортасында  үйезный  сиез  болды.  Мұжықтар  қазақпен  келісе  алмады.  Мұжық 
земствоны  жоғалтамыз  деген  соң,  қазақ  қашаннан  қолымыз  жетпей  жүрген  земство  еді, 
шаруамызды  басқаратын  жайлы,  пайдалы  мекеме  жалғыз  земство.  Мұны  жоғалтпаймын 
деп оз алдыма земство ісін жүргізіп жатыр. Қазақ, ноғай, казак болып бірігіп, ортақ совет 
сайлап, істерін басқарып тұр. Павлодар үйезі қазірге тыныш. 
 
ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ 
Қытай жері Сарсүмбеден «Сарыарқа» басқармасына мынадай хат келді: 
«Қазақ  халқы  өз  алдына  автономиялы  қатарлы  жұрттың  бірі  болады  дегенді  естіп, 
қайырлы  болсын  айтамыз.  Дегенімізге  жеткізіп,  халқымыз  жақсы  атпен  көркеюіне  Алла 
жәрдем  берсін.  Қазақ  халқы  өз  алдына  ұлт  қазынасын  ашты  дегенді  естіп,  мұнда  біздер 


82 
 
800 сомдай ақша жинап едік. Енді осы ақшаны біз қайда жібереміз, адрес көрсетулеріңізді 
өтінеміз. Мұғалім Нәсіпбай һәм Баймолла Қаракен балалары». 
Басқарма:  шет  мемлекетте  тұрған  ағайындарымыз  Алаш  аруағын  ардақтап, 
атсалысқанына Алла разы болсын айтамыз. Алыстағы ағайын мұндай көңіл көрсеткенде, 
жақындағы  Алаш,  иншалла,  аянар  деген  ой  жоқ.  Ұлт  қазынасына  ақша  жіберушілерге 
уақытына адрес мынау: 
г. Семипалатинскь, Халилю Габбасову. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет