2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет91/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Тәуекел Нұркеұлы, 
Жақып Лекерұлы 
Басқарма: «Үш жүз» партиясы қазақтың кедейін, жұмысшыларын «жарылқаймын» деп 
отырған  партия.  «Үй  жүз»  большевиктерге  кедей  біткеннің  бәрі  біздің  соңымызда, 
тілегімізді тілеп отыр деген партия. 
Қазақта Еуропа секілді жүмысшы жоқ. Қазақ шаруасы, тіршілігі жіктелген жоқ деп біз 
сан айтып келеміз. Семей облысы, Павлодар үйезінде Екібастұз дейтін ағылшын зауыты 
бар.  Сонда  қызмет  ететін  7-8  жүздей  жүмысшы  бар  екен.  Екібастұз  секілді  қазақ 
жүмысшылары бар зауыт өзге қазақ облыстарында жоқ деуге болады. Бірақ жұмысшы 
аз  болсын,  көп  болсын,  мысалға,  осы  Екібастұз  жүмысшыларын  ғана  алайық:  кедейшіл 
«Үш  жүз»  партиясының  жәшігі  қайыршының  дорбасындай  бос  қайтып  отырғаны 
мынау. Көлбай секілді қамқорлардың қадірін білмей жүрген кедейлер де оңбас. 
Кедей  бүйткенде  Көлбайдың  қадірін  байлар  қайдан  білсін?  Семей  қаласында  құрылтай 
сайлауында «Алашқа»  тас салушылар 3304 болғанда «Үш жүзге» жалғыз-ақ  кісі  тасын 
салыпты. Ер қадірін ер біледі, зер қадірін зергер біледі. Көлбайдың қапшығына түскен бұл 
сыңар тастың иесі, сірә, тегін адам емес шығар. 
Дала округінде сайлау есебі туралы толық мағлұмат басқармада жоқ. Бірақ Қызылжар 
үйезінің  бір  рет  саналған  тасы  мынадай  болған:  «Алашқа»  26  мың  814  тас  түскенде, 
«Үш жүзге» 36 тас шыққан; қаласынан «Алашқа» 486 тас түскенде «Үш жүзге» 4 тас 
шыққан.  Көкшетау  үйезінен  бір  санағанда  «Алашқа»  39  мың  600  тас,  «Үш  жүзге»  164 
тас  шыққан.  Омбы  үйезінен  бір  санағанда  «Алашқа»  16  мың  200,  «Үш  жүзге»  300  тас 
шыққан.  Қаласынан  «Алашқа»  80,  «Үш  жүзге»  50  тас  түскен.  Ақмоланың  қаласынан 
«Алашқа» 790 тас, «Үш жүзге» 3 тас шыққан. Семей үйезінде «Алашқа» 58 мың 300, «Үш 
жүзге» бір тас түскен. 


83 
 
Сөйтіп,  бір  бөлім  саналған  тастың  «Алашқа»  түскені  —  146  мың  79  болғанда,  «Үш 
жүзге» түскені — 559 тас. 
«Үш  жүзге»  559  тас  қайткенде  түсіп  отыр?  Қасына  өзі  секілді  жарандар  ерткенде 
түсіп отыр. Қалалы, яки қалаға жақын жердегі азық-түліктен тарыққан бейшараларды 
жарылқамақ  болып  жалған  уағдамен  желбуаз  қылғандықтан  түсіп  отыр.  Ел  ішіндегі 
бірлі-жарымды  қағылған-соғылғандардың  ғана  тасы  түсіп  отыр.  Жұрттың  бәрін 
жоғалтып  жіберемін,  біреудің  кеңірдегін  суырып  аламын,  біреудің  көзін  ойып  аламын 
дегенімен ғана түсіп отыр. Шын кедей, Екібастұздағы шын жүмысшы не қылып отыр? 
Шын жүмысшы сыңар тасын да салмай отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет