АЯГӨЗ Аягөздегі қазақ һәм ноғай жастары жиылып «Игілік» қауымын ашты. Ашылған күні
қауым пайдасына 11 мың 508 сом ақша жиналды.
МӘМСҰЛ ОРАШҰЛЫ Баянауылда У. Н. Школда әкесі нашар болса да, өз ыждиһадымен оқып жүрген Мәмсұл
Орашұлы опат деген хабар алдық. Марқұм Алашқа қызметкер бола ма деген аяулы жігіт
еді. Топырағың жеңіл болсын.
Мұқыш, Әбікей ЖОЛАУШЫЛАР АМАН Орынборды большевик әскерлері келіп алар алдында Семейге жолаушы шыққан Әлихан,
Ахмет, Елдес, Міржақып, Тұрағұл есен сау келді.
МҰЖЫҚ ҚАРУЛАНУЫ 3 март күні Семейдің обласной мұжық һәм солдаттар мен жұмыскерлер сиезінде қаулы
жасалды.
Большевиктер хәкімшілігін қорғап нығайтуға, тыныштық сақтап, бұзақылықты тиюға
болыс сайын, поселке сайын көңілді азаматтардан қызыл әскер (красная гвардия)
жасалып, оларға мылтық, оқ берілетін болсын. Солдаттықтан қайтқан адамдардан қызыл
әскерге жазылмаса, қолдарында қазына мылтығы болса, сельский болысной советтер
алып, жазылғандарға берсін.