2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет191/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
БІЗ ҚАШАН «БІЗ» БОЛАМЫЗ
Біз  бұрын  еркін  жүрген  елі  бар,  иеленген  жері  бар,  ел  бастаған  көсемі  бар,  сөз  бастаған 
шешені  бар, намыс қуған ері  бар, жауласқанға күші  бар қазақ-қырғыз деген келелі  жұрт 
екенбіз. Келе-келе арасына араздық кірген ата-бабамыз бірін-бірі мұқату, бірінен-бірі кек 
алу,  үстем  болу  үшін  тегі  басқа,  тілі  жат;  жүзі  жылы  ойы  дат  елге  барып  қолтығына 
кіріпті. 
Бұл  ел  еліміздің  қай  жерінен  қаяу  шығатын  сырын  білгенше  алдына  барған 
аталарымыздың  бетін  қайырмайды,  маңдайынан  шертпейді,  сұрағанын  беріпті,  сылапты, 
сипапты. 
Қайтып еліміздің іргесін ыдыратып, бірлік-билігін жойып таусылмас азық етуге, ішімізге 
кіріп,  дерт  болуға  неше  түрлі  әдіс  іздеп,  тесік  таба  алмай  жүргендер  алғашқы  кезде 
алдарқатып,  «терезең  тең  елсің»  депті.  Алалықтан  адасқан  аталарымыздың  бірін  сүйеп, 
бауырына тартып, екіншісінің ізіне түсіп, әлін кетіріп  — өстіп еліміздің шырқын бұзып, 
басына құрсау, аятына тұсау салыпты. 
Күрмеуді үзіп құтыларлық күшімізді біліп алған соң, шімірікпей қолқамызға қол салыпты; 
ел  едің  деп  ескеріп,  өтіп  сұрап,  ойымызды  білместен  сыртымыздан  талай  тон  пішіпті. 
Қазақ-қырғыз  отырған  жердің  бәрі  мемлекет  қой,  өлмес  жері  болсын  демепті.  Қазақ-
қырғыздың ата-бабасынан кірін жуып, кіндігін кескен қандай аяулы жері болса да, айдап 
тастап ала беруге жол депті. Қазақ-қырғызды билеп, хәкімшілік жүргізуге гүбернатір, ояз, 
нәшәлніктер,  приставтар  қойылсын  депті.  Қазақ-қырғыздың  өзара  дау-шары  болса, 
атасының  заңы,  ғұрпы,  әдеті  бойынша  бітірілмей,  біздің  судьялар,  окружныйлар, 
палаталар билік айтсын депті. Қазақ-қырғыздан алым-шығын алынып, біздің приставтар, 
үйездер,  судьялар,  гүбірнатірларға  берілсін  депті.  Школдар  болса  қалалы  жерлерде 
ашылып,  біздің  балалар  қазақ  ақшасына  оқитын  болсын  депті...  Осылай  бізді  билепті  де 
илепті. Біз көніппіз де жүріппіз. «Қазақ», «қырғыз» деген елміз деп айта алмай, ішімізден 
тыныппыз да жүріппіз. 
Біздің, біз сияқты халықтардың бағына азығы таусылып, ашыққан жұмыскерлер, жаумен 
жағаласуға  қажыған  солдаттар  Николайды,  оның  қойған  министрлерін,  гүбірнатірлерін, 
ояздарын, приставтарын аударып тастап, патшалық дүкенін жойып, халық билейтін түрге 
салды.  Біз  қазақ-қырғыз  жеріміздің,  малымыздың  билігін  қолымызға  алатын  болдық  деп 
мәз-мейрам қуандық, бас қостық, сөйлестік. Әділдік, теңдік, қарындастық, бірлік жолына 
түспек  болдық.  Жамандықты  жойып,  жауызды  тиып,  еркіндік  алып  қалар  заман  екенін 
жұртымызға  ұқтырмақ  болдық.  Атамыздың  адасып  жүрген  алалық  жолына  аяқ  басудан 
сақтанбақшы болдық; баталастық тарқастық, елге бардық. 
Не қылдық? Бостандықты жүгенсіздікке айналдырдық. Қарындасқа жаудай тидік, жұлдық, 
жедік; өтірік айттық, ұрлықты өрбіттік, өтірік шатым, өсекті ысқырттық. Бірімізді-біріміз 
мұқатыстық.  Бірлікті  алалыққа  айырбастадық.  Партияластық,  мал  шаштық,  көрінгенге 
жем болдық, тендікті зорлыққа айырбастадық. Кедейді қорладық, ақысын жедік, алымды 


158 
 
өстіре  салдық,  бажылдатып  отырып,  олай-былай  шапқан  шығынымызды  төлеттірдік. 
Әділдікті  ұмыттық,  кім  сөзімізді  сөйлеп,  сойылымды  соқпақшы  болса,  кімнің  дүниелігі 
коп  болса,  соның  жолына  құрбан  қылдық.  Бұл  бір  сәрі.  Мұнан  да  сорақы  жұмыстарға 
кірістік:  қара  басымыздың  қамы  үшін  қаны  бір  өзіміздей  қазақты  жеу,  мұқату,  кек  алу 
үшін  неше  түрлі  пәлені,  ойдағы  жоқ  жаланы  жапсырып,  ел  ішіне  қарулы  әскер  (қызыл 
гвардия)  апардық.  Жалғыз  тиындық  жазығы  жоқ  өзіміздей  қазақ  баласын  аттырдық, 
талаттырдық. Кек алынды, сосын қанды. 
Не  бітірдік?  Бітіргеніміз  мынау:  Алаш  ұранды  қазақтың  тілеу  қылған  жолына  көлденең 
келіп, кесірімізді тигіздік. Бүгін маған, ертең саған сенбестей болдық. Ұлттық игілігі үшін 
етілмек істі кеуледік. 
Бұрынғылар  бірімен-бірі  қас  болып,  бірлігін  жойып,  елінің  іргесін  құлатса,  олар  алдын 
болжап  үйренбегендіктен;  түсші  болмаса,  ісшінің  дәмін  татпағандықтан  алдауға  еріп, 
арбауға түсіп еді. Бірақ олар біздің жүрегімізге алалықтың зиянын нық орнатып қалдырып 
еді.  Ендігілер  алдауға  түсіп,  адасып  отырған  жоқ.  Алаш  балалары  бірлікте  болса,  ел 
қатарына  қосылып  ұпай  алатынын  біледі.  Оған  бірақ  құлқынның  қосқанына  қарсы  тұра 
алмай,  әуеніне  кетеді.  Өтірік,  ұрлық,  зорлық,  жеу,  шағым,  жала  тағы  осы  секілді  жаман 
мінездердің  жаман  қылық  екенін  білмей  ме?!  Біле  тұра  қасақана  соның  бәрінен 
жиренбейді. 
Мысалы,  Көлбайды  алсақ,  жаман  қылықтарымды  алты  Алашқа  әшкере  қылдың  деп 
Әлихан,  Ахмет,  Міржақып,  Халелдерді  өтірік  жала  жауып,  кірлеп  отыр.  Онымен  де 
қоймай осы күні өске шығып, хәкімшілікке ие болып тұрған большевиктерге Алаш атты 
бар қазақтың баласын жаман шағыстырып отыр. 
Құлжановты  алсақ,  Көлбайды  алты  Алашқа  атын  шығарып  масқаралап  газетке  жазған 
Құлжанов осы күні Көлбайға қосылып, бірге ән салып, ауылдас қонып отыр. 
Әлихан,  Ахмет,  Міржақыптарға  Нұрғалидың  өкпесі  —  Семейдегі  азаматтар  арасынан 
сенімсіз болып шығарылғандығы; үйінде отырып, быж-шыждап өсек тасығандығы. Бұ да 
араздығын Алаш жұмысына кірістіріп, шамам келгенше кесірімді тигіземін деп отыр. 
Жангелдинді  алсақ,  қазақты  жұмысқа  алатын  жылы  Торғай  қазағын  құтыртып, 
соғыстырып,  қаншама  әлекке  салып,  Германиядан  қару  әкелемін  деп  ақша  жинап  алып, 
жиып  кеткендігі  үшін  ел  ішінде  тұрма  дегенге  Алаш  жолындағы  қазақ  баласын 
шағыстырып отыр. 
Тұнғаншинді алсақ, былтырғы апрельдегі Орал-Торғай қазақтарының бас қосқан тобында 
тыңшылық қызметінде болғаны, елді зар қақсатып, талай пара алғаны мойнына қойылып, 
жүзі  қара  болып,  топтан  қуылып  шыққандықтың  кегін  алмаққа  большевик  болып, 
Алаштың адамдарын шағыстырып жамандап отыр. 
Қорабай  Жапановты  алсақ,  Абай,  Ахмет,  Міржақыптардың  өлеңдерінен  бірінің  басын, 
бірінің  аяғын  алып,  құрастырып,  кісі  сөзін  өзінікі  қылып  ұрлап  бастырғаны  «Қазақ» 
газетіне  жазылғандық  үшін  Көлбайға  барып  тығылып  отыр.  Біздің  Алаштан  шығып, 
большевик  болып  отырған  қазақтардың  бәрі  осындай  қылығы  барлар.  Егерде  біздің 
ішімізден шын  большевик шығып, ылғи кедейдің сөзін сөйлеп, теңестіретін болса, бірақ 
мен сенің қорғаушыңмын деп сол кедейдің өзін жемесе, ондай шын қазақтан туған шын 
большевикті  құттықтау  керек  қой.  Әттең,  «біздің  большевиктер»  кедейді  жеп,  сарғайған 
тісімді айттың деп жауласып, Алаштың сағын сындырмақ болып жүр-ау! Өңшең өзіміздің 
өтірік  большевиктер  Құдай  құртпаған,  Николайдан  аман  қалған  Алашты  жасыта  алмас. 
Тек Алаштың анық балалары бірлігін бұзбаса, ішіндегі бұзақыларды ортасынан шығарса 
болғаны. Сонда біз «біз» боламыз. Сонда біз ел боламыз. 


159 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет