Қайталау сұрақтары:
білімдегі формализм деген не?
формализмге әкелетін мұғалімнің қателіктері;
формализмді жою жолдары.
№10 тақырып: Сызу сабақтарында қолданатын техникалық әдістер
Мақсаты: студенттердің әдістемелік білімдерін жетілдіру, техникалық құралдарын қолдануды игеру
Қысқаша мазмұны:
Оқыту процесінде кино және диафильмдер мектепте қоладану, оқушыларға бір уақыт ішінде кино әдісі арқылы ақпаратты көбірек, әрі әсерлі тәсілмен жеткізуге болады. Мұғалімдер кинофильмнің ролін сабақ үстінде қолдануын әлі дұрыс аңғармайды. Сабақ үстінде тек қана кинофильмді оқушыларға көрсеткен кезде, оны әнгімелеп беру керектігін, оқу таблицаларын қолданып, диафильмдерді де қолдануды ұмытпауы тиіс. Кино, диафильмдерді көрсеткен кезінде мұғалім әртүрлі мақсаттарды көздейді: оқушыларға жаңа тақырыпты жеткізу, сызу құрылысын тұргызуын көрсету, өткенді жүйелеу және жалпылау т.б. сабақ құрылымы дұрыс болса, оқушылардың экранда көрсетілген оқу материалын қабылдау белсенділігі артады. Кинофильмді көрсетер алдында мұғалім өзі кинокөріністерді, сондай ақ, оган жалғанған дикторлық сөздерін игеру қажет. Сонымен қатар,ұстаз алдындағы мәнді мәселе, ол сабақ мазмұны мен фильм материалының арасындаы байланыс, және оны қайда, қашан және қалай сабақ үстінде қолдануын анықтау керек. Мұғалімдердің көбінің тәжірибесі жоғары және орта мектептерде өткізілген эксперименттер, сабақ үстінде техникалық оқу құралдарын қолдану, оқушылардың бағдарлама материалын жоғары натижелі қабылдау мәселесін едәуір шешеді. Бұл техникалық құралдарға бағдарламаланған оқытуды жатқызуға блады, яғни ол дегеніміз оқушылардың тәсәлін басқару процесі.
Кодоскопты сызу пәнінде қолдану. Кодоскоптың көмегімен экран бетіне проекцияларды орындауға болады. Көбінесе бұл аппаратты мұғалім үстеліне орналастырады. Аппараттың мүмкіншілігі, мұғалімнің орнында отырып, сызуға, әрі сабақты жүргізуге мүмкіндік береді. Суреттер мен сызбаларды шыны пластинкалар және полиэтиленнен жасалған пластинкаларға жасауға болады. Кодоскоп сабақ үстінде таблицалар мен диафильмдер, кинофрагменттерді бірге қолданса, оқушылардың сабақты тез, әрі сапалы меңгеруін жеңілдетеді. Бүгінгі заманның талабы, ол компьютерлік бағдарламаларын және интерактивтік тақтаныда сызуды оқыту процесінде тиімді қолдану.
Қайталау сұрақтары:
сызуды оқытуда кинофильмдерді және диафильмдерді колдану тәсідері;
оқытуда кодоскопты қолдану;
компьютерлік технологияларды сызуда колдану;
интерактивтік тақтаны қолдану әдістері.
№11 тақырып: Графикалық жұмыстарды тексеру әдістері
Мақсаты: студенттердің әдістемелік білімдерін жетілдіру.
Қысқаша мазмұны:
Мұғалімнің жұмысының ең маңызды процесі – ол графикалық жұмыстарды тексеру. Бұл көп көңіл бөлуді, үлкен күшті және сауаттылықты керек етеді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың графикалық жұмыстарын қалай орындап отырғанын қадағалап, жіберген қателерін ескертіп, оны жөндеу жолдарын көрсетеді. Бұл тұрғыда әрбір жұмысқа мән бере отырып, бағыт беруі керек. Мұғалімге сызбаларды толық, әрі тездетіп тексеріп шығу үшін, жүйелі түрде тексеруге дағдылану керек. Мысалы, өлшем бірліктерін тексеру төмендегідей тәртіппен жүргізілуі керек:
өлшемдердің толық қамтылуы;
өлшемдердің артық қойылуы;
өлшемдерді дұрыс орналастыра білуі;
өлшем сызықтары ұштарының параметрлерінің сақталуы және өлшем сандарының өз орнына сәйкес орналасуы;
өлшем сызықтарының шығару сызықтарына қарағанда дұрыс орналасуы;
Мұндай жүйелі жұмыс толығынан, қатесіз аз уақыт ішінде тездетіп тексеруге мүмкіндік береді. Қорытынды тексеру мұғалімнің жұмыс орнында, болмаса сабақтан бос уақытта тексеріліп бағаланады. Оқушы еңбегін бағалай білуі керек, мүмкін болса ол жұмысты қайтадан сыздыруға жеткізбей, сол пішіндегі сызбаның қателерін дұрыстауға жағдай жасаған дұрыс. Сызбаны, эскизді орындап болған оқушыларға өз қателерін өздеріне тауып, жөндеуді ұсынып көруге де болады. Оқушы өзіндік белсенді ойлану ісінің нәтижесін асыруға шамасы келгенде барып оны дұрыс қабылдай алады. Сондай ақ олардың өзіндік ойлану белсенделегін арттыру мақсатында, кейбір уақытта оларға өздерінің жіберген қателерін, өздері дқрыстауға мүмкіндікберуге болады. Оқушылардың сызбаларын тексеруде осындай жүйелі тексеру жұмыстары олардың графикалық жұмыс орындаудағы ынтасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Оқушылардың жұмыстарын екінші рет тексеру, мұғалімнің оларға берген кеңесінің қалай орындағанын тексеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |