Соқтығысу деп кеңістіктің салыстырмалы түрде аздаған ғана облысында салыстырмалы түрде аздаған ғана уақыт аралығында жүретін екі немесе өте көп материялық денелердің, бөлшектердің және т.с. әсерлесуін айтады.
Соқтығысуды қарастыру кезінде ең басты нәрсе процестің өзін білу емес, оның нәтижесі. Соқтығысуға дейінгі мезет бастапқы күй, ал одан кейінгі- соңғы күй деп аталады. Бастапқы және соңғы күйлерді сипаттайтын
шамалар арасында, әсерлесудің сипатымен тәуелсіз белгілі қатынастар орнатылады. Осы қатынастардың бар екендігі, соқтығысуға қатынасатын денелер мен бөлшектердің жиынтығының энергияның, импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары орындалатын тұйық жүйені құрайтындығы болып табылуын көрсетуінде. Ендеше, бөлшектер немесе денелердің бастапқы және соңғы күйлерін сипаттайтын шамалар