1. Кіріспе:
2. Негізгі бөлім.
1 Шетел тілін оқытудың басты мақсаты.
2 Сабақтың әдіс-тәсілдері.
3 Шетел тілінің басқа пәндермен байланысы.
4Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарын тиімділігі.
Қорынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Шетел тілін ұйрету ең алдымен, тілді басқа оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытқанда ғана толыға түседі.Шетел тілін басқа пәндерімен, қоршаған ортамен , музыкамен , бейнелеу өнерімен, тарих пен еңбекпен тағы басқа байланыстыра оқыту нәтижесінде ғана қарым қатынас әрекеті жүзеге асады. Әсіресе, шетел тілдерін қазақ және орыс тілдерімен байланыстыра оқытудың маңызы зор. Бұл пәндер тілді мәдениеттен үлгі тәжірбие алуға өз елінің мәдениетін бойына жақсы сіңіруге сөйлеу әрекеті арқылы мүмкіндік тудырады.Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл –күйін бақылауға,ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады.Әсіресе оқу сабақтарында берілгенматериалды талдау арқылы тақырып жөніндегіайтар ойы , идеясы бала жүрегіне жетіп , талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық әдептілік тағы басқа сияқты, тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.Ізденіс- табыс кілті Ізденген мұғалім пәннің төңірегіндегі ғылыми жаңалықтармен оқушыларды қаруландырады.
Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеп ізденуге бағыт береді.
Проблемаларды оқу- әдісін жүзеге асырудың ең қолайлы жолы- оқушыға проблемалық -логикалық ойлау.
Қазіргі уақытта заман талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық , ғылыми техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда. Мұның өзі шетел тілін мектептерде пән ретінде оқытудың мәртебесін жоғарылатады.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты оқушылардың басты мақсаты- оқушыларға шетел тілінде қарым қатынас жасауды
базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым комуникативтік біліктілі, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша сөз тыңдап түсіну, оқу, жазу, өзара мәдени қарым қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік , сөздік, әлеуметтік -мәдени білім , білік, дағдылар енеді.Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.
Танымдық бағыт бойынша:
Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
Тілдік қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсіру.
-оқушының тілін дамыту,тілдік шығармашылық қабілетін жетілдіру
-сөз мәдениетін таныту;
- пікір талас мәдениетін жетілдіру;
- ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төсілдіру;
- мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;
-сөйлеу түрін , сөйлеу тәсілін меңгерту;
-өмір түрлі ғылымдар саласынан оқушылардың танымын кеңейту;
-оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.
Комуникативтік, практикалык бағыт бойынша:
-оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
- тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым- қатынас жасаудың амал- тәсілдерін үйрету;
-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
-оқушылардың тілдік- эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
-шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мұның қай - қайсыда тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым- қатынастың дағдыларын жетілдіруге, яғни сөз әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шындауға септігін тигізеді.
Сіз толық жеткізіңіз, оқушы оны дәптеріне жазды, одан соң сіз 20-25 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндірдіңіз , жаңа сабақты пысықтадыңыз , ұй тапсырмасын 3-4 оқушыдан сұрадыңыз, оларды бағаладыңыз. Келесі сабақта сіз жарты сабақ бойы түсіндірген тақырыпты бірнеше оқушы ғана меңгерген болады, ал оқушылардың негізгі бөлігі ұй тапсырмасын орындамаған орындаса да жете түсінбейтін болып шығарады. Себебі неде ? Себебі сабақта сіз ғана жұмыс істедіңіз оқушы тек тыңдаушы болады, ал егер адам бес минуттан артық зейін қойып тыңдау алмайтынын ескерсек, оқушы сіздің түсіндіргеніңіздің басын ғана меңгерді . Сондықтан егер білім сапасын көтергіміз келсе оқушыңа сабақ үстінде белсенді ойлауға , жұмыс жасауға мүмкіншілік жасауымыз керек. Қазіргі жаңа технологиялар балаға белсенді түрде білім алуға жағдай жасайды, сабақ процесінде ол тыңдаушы емес, оқушы, еңбек етуші, ойлаушы. Бір сабақтың үстінде ол жаңа тақырыпты меңгеріп , тиісті бағасын алып, үйде ол сол сабақта алған білімін өз бетінше тереңдетіп ізденуі керек. Келесі сабақта өткен тақырыпты тек еске түсіріп
жаңа тақырыппен байланыстырады. Яғни оқушы үйле емес негізгі жұмыстың бәрін мектепте атқарады. Сіз оны келесі сабақта еркін жауап беруіне жағдай жасадыңыз.
Жоғарыда айтылғандай біз әр сабағымызды ұлттық педагогикамен , қазақ тілімен өте тығыз байланыста өткізуіміз керек. Қазақ тілінің граматика мен шет тілінің граматикасының ұқсас жерлері көп.Сол себепті әр бір түсіндірген сабағымызды салыстырмалы , жан- жақты түсіндірсек оқушылардың танымдық қабілеті көбірек артады.
Мысалы: қазақ елінің мақал- мәтелдерінен ой тастап, ағылшын халқымен ұштасатын жауаптарды алу. Біз «Өз үйім - өлең төсегім» десек американдықтар « My home is my castle » « East or West home is best » дейді екен. Осындай мағыналарының үқсастығын тілге тиек етуімізге болады.
Шетел тілі саласында онымен іргелес басқа да керекті, өзін қызықтыратын хабарды алу үшін мәтінге шолу жасау, мақалалардан, газеттен, журналдан қажетті хабарды оқып түсінуі керек.Оқушылардың өз құрбы – құрдастарымен әлеуметтік – тұрмыстық, оқу- еңбек, мәдени –әлеуметтік қарым –қатынас аясында төмендегі жасай білуге үйретуісіз тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |