2-нұсқа. «Жаһандану мәселелері» бөлімі Жаһандану дәуіріндегі ұлттық болмысымызды қалай сақтап қаламыз? Эссе


-нұсқа. «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі



бет3/3
Дата19.07.2022
өлшемі16,19 Kb.
#147576
1   2   3
Байланысты:
Эссе Ақбөпе 2, 8-вариант

8-нұсқа. «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі
Әлеуметтік желілер БАҚ-тың даму құралы ма, әлде бәсекелесі ме?
Эссе
Әлеуметтік желілерге екіжақты пікір айтуға болады. Кей жағдайларда бәсеке. Мысалыға, қандай да бір болған оқиғалар алдымен әлеуметтік желілерде, сонан соң ғана БАҚ-тарда тарала бастайды. Алайда бұл жерде тағы бір мәселе бар, әлеуметтік желілерде ақпаратты тарату оңай (түсірдің - салдың), ал БАҚ-тарға салу үшін ақпараттың тексерілуін, не болмаса журналисттің оқиға өрбіп отырған жеріне барып өз көзімен көргенін жазуы, монтаждауы тиіс.
Екінші пікір бойынша, әлеуметтік желілерді БАҚ-тар өз пайдасына асыра алады. Яғни, өз жаңалықтарын жарнамалау. Әлеуметтік желілер – БАҚ-тың нысанасы. Тауар-ақпаратын өткізетін жаңа нарық. Әлеуметтік желілер жоқ кезеңдерде ақпаратты тек БАҚ көздерінен ғана алу мүмкіндігі бар еді. Жазылған жаңалықтың оқырманға қолайлы уақытта жеткізілуі мен сапалы түрде сақталуы, кез келген уақытта қол жетімділігі БАҚ-тың дамуына өз үлесін қосып келеді.
Менің ойымша, әлеуметтік желінің пайдалы жақтарын қолданып, өз мамандығында биіктерді бағындыру журналисттердің кәсіпқойлығынан көрініс береді. Егер ақпаратты әлеуметтік желіде жарнамалауды жақсы жүргізетін журналист болса материал, пост оқылады. Ал жәй ғана сілтемені "Оқыңыз, қызық" деген пікірмен шығарса, материал әрине оқылмайды. Яғни, барлығы кәсіпқойлық пен сауаттылыққа, сауатты пайдалануға байланысты деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет