2-нұсқа. «Жаһандану мәселелері» бөлімі Жаһандану дәуіріндегі ұлттық болмысымызды қалай сақтап қаламыз? Эссе Болашақ - жастардың қолында! Егеменді еліміздің жарқын болашаққа жетуі сіз бен біз сияқты жастардың алған білімі мен көрген тәрбиесіне тікелей байланысты. Отан – отбасынан басталады демекші, ұлт болашағы жас ұрпақтың отбасында көрген тәрбиесіне тікелей байланысты. Жаһандану дәуірінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін отбасы құндылығын бірінші орынға қою мағызды деп есептеймін. Себебі, жан-жақты дамыған, білімді, мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда ата-ананың ролі өте мағызды. Баланың білім алуы, жетістікке жетуі, биік шыңдарды бағындыруы ата-ананың тәрбиесі мен қолдау көрсете білуінен туындайды. Дегенмен, біздің елімізде отбасы құндылығы төмендеп барады. Мен оған да жаһандануды кіналаймын. Жаһандану заманында көштен қалмауға тырысып, материалдық дүниенің соңында жүріп, отбасы мен бала тәрбиесі соңғы кезекте қалып қойып жатыр. Статистикаға сүйенсек, елімізде үйленгендерге қарағанда ажырасқандар саны көп. Бұл дегеніміз, ұлт болашағының тізгінін ұстар азаматтарымыз толыққанды емес отбасында тәрбиеленіп жатыр деген сөз. Ал толық емес отбасынан шыққан баланың психологиясының қандай болатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан да, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысымызды сақтау үшін «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналы тиіс» деген Елбасының пікірін қолдаймын.
8-нұсқа. «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімі Әлеуметтік желілер БАҚ-тың даму құралы ма, әлде бәсекелесі ме? Эссе Қазіргі заман технология заманы, ал технология заманының негізі — ақпарат. Яғни, әлеуметтік желі арқылы ақпараттық ресурстарды қалай оңай, тез және қауіпсіз алуға болатыны ойластырылуда. Қазір желілердің еліміздегі қолданысы бәріне мәлім, әлі толық жетіле қоймаса да, алдыға біршама нық қадам басуда. Егер, әлеуметтік желіні пайдалана білсең саяси-қоғамдық, адами-азаматтық тәрбие мен мәдени-экономикалық, тұрмыстық- әлеуметтік мәлімет алатын көз. Байланыс құралы. Әлеммен желі арқылы қарым-қатынас. Бұл қазақ қоғамындағы тілдік те, басқа да мәселелер туралы ой қозғап, пікір алмасатын орта. Сондықтан, әлеуметтік желі БАҚ-тың өзінше бір жетілген түрі. Мәселен, әлеуметтік желілерде ашылған медиа-басылымдар (басылымның жеке парақшасы) БАҚ-тың дамуына мынадай пайда әкелуде:
- Өзекті жаңалықтарды табу, оқиғаға қатысушылар мен куәгерлермен байланыс жасау, ақпаратты жылдам жеткізу;
- Кері байланыстың болуы, белгілі бір оқиғаға қатысты пікірлесу, аудитория жинау, осы орайда аудиторияның белгілі бір ақпаратқа байланысты орнын білу;
- Арнайы қосымшалар арқылы аудио немесе видео құжаттармен алмасу мүмкіндігі;
- Қолданушының БАҚ-тың ресми сайтына материал жариялай алуы;
- Журналистердің белгілі бір оқиғаға, тақырыпқа сұхбат, пікір, сауалнама жинау мүмкіндігі, сурет алмасу;
- Тікелей эфирдегі оқиғаға (спорт, мемлекеттік сот отырысы мен билік өкілдерінің жиыны, төтенше жағдайлар орындары, сайлау және т.б.) трансляция ұйымдастыру мүмкіндігі.
Сондықтан да, «Әлеуметтік желі – БАҚ-тың даму құралы деген пікірді қолдаймын.