№2-обөЖ. Тақырыбы: Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері


Қазақстандағы табиғи байлықты зерттеу және игеру



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі77,17 Kb.
#88078
1   2   3
Байланысты:
№2 ОБӨЖ тарих.

3.Қазақстандағы табиғи байлықты зерттеу және игеру

  • Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан жедел зерттеуге зор күш жұмсалды. 1928-1929 жылдары Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам барлау партиясы Қазақстанның жер қойнауларын зерттеумен айналысты. «Қару голь» «Алтайполиметалл», «Балхашстрой», «Казполиметалл» сияқты аса ірі жаңа құрылыстардың жанынан геологиялық-барлау бөлімдері құрылды, арнаулы Қазақстан геологиялық-барлау тресі ұйымдастырылды, «Эмбанефть» құрамында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Актюбникель» жанында геологиялық барлау қызметі жэәне т.б. ашылды.
  • Геологиялық зерттеулер үшін Орталықтан да, Қазақстанның жергілікті орындарынан да мол қаржы мен күш-қуат бөлініп отырды, бұл ірі-ірі, көбінесе теңдесі жоқ жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік берді. Бұл ең алдымен түсті және қара металдардың, көмір мен мұнайдың барланған қорларына қатысты еді. 1928 жылы Қоңырат, (М.Т. Русаков), 1930 жылы Бозшакөл (Р.А. Борукаев), Жезқазған (К.И. Сэтбаев) мыс кендерінің; Кенді Алтайда, Қаратау және Жоңғар Алатауы тауларында қорғасынның: Атасу темір кенінің (1931 жыл), одан соң Ақтөбе облысында хромит және никель кендерінің, фосфориттің; Индерде бораттын қоры мол көздері ашылды. Сондай-ақ Орал-Ембі аумағында жаңа мұнай көздері табылды, оның үстіне Қарағандының жеке жатқан ірі кен орны емес, тұтас бір көмірлі аймақ екендігі анықталды.
  • Геологиялық зерттеулердің жетістіктері, олардың негізінде түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. пайдалы қазба байлықтарының жаңа кен орындарын игеру туралы түскен нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін жаңа кәсіпорын құрылыстарының салынуы, сонымен бірге жоспарлау органдары жинақтаған тәжірибе республика басшылығына жалпы бірінші бесжылдықтың, әсіресе оның қалған үш жылының жоспарлы тапсырмаларын қайта қарау жөнінде Орталыққа өтініш жасауға мүмкіндік берді. Қазақстан халық шаруашылығының бірінші бесжылдықта дамуы көрсеткіштерін нақтылау және толықтыру жөніндегі ұсыныстар республиканың жаңа астанасы Алматыда өткен VII Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1930 жылғы 30 мамыр - 6 маусым) талқыланып, қорытындыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет