Аналитикалық химияның мақсаты



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі39,5 Kb.
#82128
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Аналитикалық химияның мақсаты


Аналитикалық химияның мақсаты – жаңа анықтау әдістерін зерттеу немесе белгілерін жетілдіру, сондай-ақ анализдерді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, аналитикалық химияның мақсаты анализдің аналитикалық әдістерінің теориялық негіздерін жан – жақты кеңінен зерттеу әр түрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының болу формаларын, агрегаттық күйін оқып үйрену, координациялық қосылыстардың тұрақтылығын және құрылысын, құрамын анықтау, заттардың термиялық, оптикалық, электрохимиялық, магниттік сипаттамаларын зерттеу. Химиялық реакциялардың жылдамдығы мен стехиометриясын, катализатордың және басқа әр түрлі факторлардың әдістерін зерттеу маңызды құрам бӛлігі болып табылады. Жасалған анализ методикасының метралогиялық сипаттамасын анықтамай және оларды метралогиялық аттестациядан ӛткізбей, ол методикалардың дәлдігі қайталанғыштығы және дұрыстығы туралы айта аламыз. Аналитикалық химияның теориялық негізін жаратылыстанудың заңдары құрайды, олар заттың массасы және энергиясының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылығы, әрекеттесуші массалар және эквиваленттер заңы Д.И Менделеевтің периодтық заңы, А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы және т.б. Анализ жасалатын материалдардың химиялық анализін химиялық, физикалық немесе физико – химиялық әдістер кӛмегімен ӛткізеді. 2. Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық, кейде фазалық құрамын, бізді қоршаған бұйымдар (заттар) және материяларды, зерттелген үлгінің құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым. Аналитикалық химия – бұл сапалық және сандық (мӛлшерлік) талдау әдістері туралы ғылым. Сондықтан оны екі ірі бӛлімге бӛледі: сапалық және сандық талдау. Сапалық талдау анализденетін заттарда бос элементтерді немесе иондары анықтауда тұрады. Мӛлшерлік талдау – анализденетін заттың құрамына кіретін әр түрлі компонеттердің мӛлшерін, сондай-ақ анализденетін қоспалық құрам бӛліктерінің мӛлшерлік арақатынасын анықтау болып табылады. Мӛлшерлік анализдің нәтижелері массалық үлеспен (%) кӛрсетіледі. Мысалы, мыс купоросында CuSO4 *H2O25,44% Сu болады, ал фосфориттің құрамында 20-30% F2O5 болады, соны мӛлшерлік талдаудың әдістерімен анықтауға (орнатуға) болады. Ең біріншіден зат қандай элементтерден (иондардан) тұрады, ал содан кейін сандық кӛрсеткіштерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет