Аналитикалық химияның мақсаты



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі39,5 Kb.
#82128
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Аналитикалық химияның мақсаты

Химиялық әдістер ӛз негізінде тек қана химиялық әрекеттесуледі пайдаланады, олардың нәтижесінде кӛрінетін сыртқы эффекттер жүзеге асады, мысалы, тұнбаға түсу, оны тиісті операциялардан кейін ӛлшеуге болады(гравиметрия әдісі) немесе газ тәріздес не ұшқыш ӛнімдер бӛліп шығуы(айдау әдісі) немесе ерітінділердің түсінің ӛзгеруі (реакция аяқталғанда ол үшін индикатор қолданылады) (плетриметрия әдістері). Талдау мақсатында қолданылатын химиялық үрдістер аналитикалық реакциялар деп аталады. Химиялық ӛзгерістерді тудыратын заттар реактивтер немесе реогенттер деп аталады. Кӛптеген химиялық әдістер жақсы тексерілген және классикалық болып саналады. Дегенменде олар кӛп жағдайда, әсіресе заттардың тазалығын тексеру кезінде қазіргі кезгі талаптарды қанағаттандырмайды. Мысалы, тартылатын материалдардың құрамында бор, кадмий және т.б. «күрделі қоспалар» пайыздың миллион үлесінен аспауы қажет. Цирконидің құрамында біраз қоспасы болса, ол атомды реакторларда қолданыла алмайды. Химиялық әдістердің кӛпшілігі зерттелуші материалдардағы қоспаларды табуға немесе сандық анықтауға қажетті сезімталдыққа ие болмайды. Бұдан басқа, ӛнеркәсіпте сондай-ақ биологиялық үрдістерде технологиялық үрдістерді бақылау, үрдістің барысын басқаруға мүмкіндік беретін талдаудың жылдам әдістерін қажет етеді. Сондықтанда, тек жоғары сезімталды ғана емес, «экспрессті» деп аталатын талдаудың жеделдетілген әдістерін дайындаудың тенденциясы да бар. Ӛндірістің мұндай талаптарын бірқатар физикалық және физико – химиялық әдістер біршама деңгейде қанағаттандырады. Физикалық және физико – химиялық әдістердің химиялықтан айырмашылық олар аспапты болып келеді, себебі олар қандай да бір болмасын концентрацияға байланысты тіркеуді аналитикалық аспаптар мен аппаратураның кӛмегімен іске асырылады, олар бұл тіркеуді, яғни анализденетін заттың физикалық параметрлерін ӛлшейді. Физикалық әдістердің сипаты, анализ барысында қандай да болмасын химиялық реакция жүзеге аспайды. Бұл әдістерде анализденетін заттың, оның құрамының функциясы ретінде физикалық қасиеті ӛлшенеді, 9 мысалы, балқу немесе қайнау температурасы, поляризация, электромагниттік қасиеттері, жарық сындыруы, жарық жұтуы, электр және жылу ӛткізгіштігі т.б. Олардан ең біріншіден оптикалық әдістеріне (олар: спектральдік) мән беріледі. Физикалық талдау әдістеріне қазіргі жаңа зерттеу әдістері де жатады, олар радиометриялық, рентгеноструктурлық, масс-спектрометриялық. Физика – химиялық әдістер қандай да болмасын химиялық әрекеттесу немесе айырылу реакциясын қатыстырып физикалық қасиетін ӛлшеуге негізделген. Оларға электрохимия, хромотография, фотометриялық және басқа әдістерді жатқызуға болады. Физикалық және физка – химиялық әдістерінің бӛлек қасиеттеріне қарамай ең бас қазіргі техникалық және ауылшаруашылық талдауында аналитикалық химияның негізін құрайтын химиялық әдістеріне беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет